Название: Дипломатиялық құжаттама. Оқу құралы
Автор: Амангелді Әліпбаев
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 9965-30-805-5
isbn:
Күндер мен күнтізбелік мерзімдерді құжат жобаларында төмендегідей жазу қалыптасты:
2008 жылғы 28 тамыз, 2008 жылдың тамызында, 2006 жылдың екінші жарты жылдығында, 2006 жылдың II тоқсанында, 2006 жылдың 11 айы ішінде, 2006 жылы, 2006 жылға арналған бюджет, 1992 жылдан 2006 жылға дейін, 1992-2006 жылдарда, 1993 жылдан 2004 жыл кезеңінде.
Мейрам аттары былай жазылады Сегізінші наурыз, Тоғызыншы мамыр, Жаңа жыл; алайда: Тәуелсіздік Күні, Жеңіс Күні.
Мұндайда реттік сан цифрмен жазылса, одан кейінгі сөз бас әріппен жазылады: 8 Наурыз, 9 Мамыр.
Араб цифрларымен берілген реттік сан есімдер жұрнақ жалғану арқылы жазылады: 8-ші қатар, 90-шы жылдар. Рим цифрларымен берілсе жұрнақсыз жазылады: ІІ құрылыстың кезегі, IV тоқсанда.
Егер бірнеше (екіден көп) реттік сан есімдер араб цифрларымен беріліп, қатар келсе реттікті білдіретін жұрнақ ең соңғы цифрдан кейін жалғанады: 5,7, 9-шы көшенің тұрғыңдары.
Кітап томдарын, тарауды, беттерді, қосымшаларды, заңдар баптарының реттік саны араб цифрларымен берілгенде сызықша арқылы жазылады: 5-том, 6-тарау, 3-баптың 2-тармағы.
Нөмір таңбасы қосымшалар, кестелердің реттік санын білдіргенде қойылады: № 2 қосымша, № 1 кесте, алайда тараулар мен беттердің есептік санын білдіргенде нөмір таңбасы қойылмайды: 9 тарау, 99 бет.
Рим цифрларын (жұрнақсыз, септік жалғауынсыз) ғасырларды, тоқсандарды, конференция, конгресс, халықаралық бірлестіктер, ассамблеялар, олимпиада және басқа да спорттық жарыстарды жазғанда қолдану дәстүрі қалыптасқан, мысалы: XXI ғасыр, ХІХ-ХХ ғасырларда, 2006 жылдың I тоқ-санында, V Халықаралық астраномиялық конференцияның шешімдері т.б.
Сандарды жазу:
Сандарды жазу үшін әріптік түрі: бес қабатты ғимарат, мың жылқы, тоғыз бас; әріптік-цифрлы түрі, әсіресе ірі сандарды жазғаңда: 5 мың теңге, 12 млн. теңге, 20 млрд. теңге қолданылады.
Бүтін немесе бөлшек сан есімдерден кейін зат есім үнемі жекеше түрде тұрады.
Мысалы: 1 кітап, 5 кітап, 500 кітап, 28,5 метр, 46,2 шар.метр, 300 тілшінің келуі ықтимал, 50 пайызға қымбаттады, 2 есе төмендеді т.б.
Мекен-жайларды көрсетуде үйдің қосарлы нөмірі қисық сызық арқылы қойылады: мысалы: Абай көшесі, 19/1 үй. «а», «б» сияқты әріптермен берілетін литері бірге жазылады. Мысалы: Бейбітшілік көшесі, 97а үй.
Қысқарған сөздерді жазу:
Құжат дайындау барысында ең бірінші сөйлемде қысқарған сөзді қолданбаған абзал. Жалпыға бірдей мойындалған қысқарған халықаралық атаулар да (НАТО, ЮНЕСКО т.б.) кейбір жағдайларда жақшаның ішіне жазылған толық атауымен беріледі.
Ресми құжаттарда «Қазақстан Республикасы» деген сөздердің орнына «ҚР» деген қысқарған түрін қолдануға жол берілмейді. Мекеме, ұйымдардың атауы бір құжатта бірнеше мәрте қолданылса, бірінші аталуында толық жазылып, ал жақшаның ішінде қысқарған атауы беріледі, мысалы: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің өкілдігі (бұдан былай – ҚР СІМ өкілдігі).
ҚР Сыртқыістермині, ҚР Ішкістермині, ҚР Қаржымині сияқты қысқарту тәсілдері кездеседі. Сондай-ақ, Орсайком, Азиякеңес, Еуроодақ СКАЧАТЬ