Дипломатиялық құжаттама. Оқу құралы. Амангелді Әліпбаев
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Дипломатиялық құжаттама. Оқу құралы - Амангелді Әліпбаев страница 12

СКАЧАТЬ атаңыз?

      3. Дипломатиялық құжаттардың сыртқы пішініне қандай талаптар қойылады?

      4. Дипломатиялық хат алмасудағы грамматикалық талаптың мәні қандай?

      5. Құжаттарды басқа тілден аударуға қатысты қойылатын талаптарды атаңыз.

      6. Қазақ тілінде дайындалатын құжаттарда күнді, сандарды және қысқарған сөздерді жазудың ерекшеліктері қандай?

Өзіндік жұмыс тақырыбы:

      1. Дипломатиялық құжаттарды ресімдеуге қатысты Қазақстан Рес-публикасының Сыртқы істер министрлігі шеңберінде қабылданған ережені сараптау.

      2. Орыс тіліндегі дипломатиялық құжат мәтінін қазақшаға аударып талқылау.

      4-ТАҚЫРЫП

      ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПРОТОКОЛДЫҚ СӨЗ ОРАМДАРЫ

      Дипломатиялық құжаттарды дайындағанда оның екі бағытта қызмет жасайтындығы әйгілі. Оның бірінші бағыты нақтылы үкімет болса, екінші бағыты – халық. Халықтың үкіметтік саясатқа ықпал ету рөлін бір сәтте естен шығармаған дұрыс. Құжатта көрсетілген әрбір дәйектеме, әрбір сөзі мен сөйлемдері біртұтастықты сақтай отырып осы екі бағытта әрекет етеді. Бұл біртұтастылықты сақтамаған жағдайда дипломатиялық құжаттың да әсерлік мәні әлсірейді.

      Егер ел үкіметіне бағытталған нотада осы үкіметпен екі ел үшінде аса маңызды қандай да бір мәселеге қатысты келіссөздер жүргізу ұсынылған болса, ал бұл ұсыныс үкімет тарапынан кертартпалыққа салынса, мұндай нотаға қатысты халықтың ой пікірін болжау қиынға соқпайды. Ал дипломатиялық құжаттағы ұсыныс өте сындарлы, іскерлі болғанымен оны жан-жақты негіздеп дәйектей алмаған жағдайда оған халық жағынан да қолдау табу өте қиынға соғады, яғни дипломатиялық құжатты дайындауға салынған бүкіл күш-жігер босқа кеткенмен тең. Не себепті дипломатиялық құжатты жазып жібергеннен кейін мұндай жағдайға тап болуы мүмкін. Мүмкін нақтылы бір халықаралық мәселеге қатысты келіссөздер жөнінде ұсыныс жасалынған нота таза үстірт қарапайым тілде жазылуы, ұсыныстың мәні толық ашылмауы, маңыздылығы кең көлемде дәйектелмеуі, нақтылы деректер келтірілмеуі. Яғни, екінші тарапты, оның халқын осы маңызды халықаралық мәселеге қызықтыра алмағандықтан бүкіл қоғам бұл ұсынысқа немқұрайлы қарайды. Бұл дипломатиялық құжаттың құрғақ тілде жазылуынан, түпкі мәселенің ұсынған елге ғана емес қатысушы тараптардың қайсысына болсын аса құнды екендігіне көздерін жеткізе алмау, дипломатиялық құжатты дайындауға бос уақыт кетіргенмен бірдей болады.

      Егер дипломатиялық құжаттар тек сол елдің үкіметіне ғана емес халықтық бұқараның да көңілінен шығатындай жазылған болса, онда үкіметке ықпал ете алатын шынайы күшке де ие болар еді. Бұл мүмкіндіктер елдің парламентінде қалыптасатын пікірге, сайлау науқандарында бұқараның қатысуымен төменнен әсер ету ғана емес, сонымен бірге қозғалған мәселені тікелей үкімет алдында талап ету мақсатында саяси қадамдарға дейін баруы. Үкімет мұндай іс-қимылдармен санасуға мәжбүр болары сөзсіз. Мемлекеттік билік басындағылардың арасында халықтың ықпалымен мәселенің маңыздылығын түсінген топтар мәселені жан-жақты сараптау жолдарын іздестіре СКАЧАТЬ