Белгілі елдің өмірін кең көлемде білмейінше, нақты меңгерген білім жиынтығынсыз құжат бағытталған тараптың санасына жететін, адамдардың түсінігін оятатын, жанды жеріне тиетіндей мазмұндағы дипломатиялық құжатты дайындау мүмкін емес.
Яғни, халықаралық қатынастар жүйесінде дипломатиялық құжаттар қандай орын алатындығын, халықтың саяси көңіл күйіне қалай ықпал етуі мүмкін екендігін, тарих таразысында дипломатиялық сөздің салмағын айқындағаннан кейін дипломатиялық құжаттарды мазмұнына қатысты нақты сараптауға көшуге болады. Дипломатиялық құжаттарды құрамдас бөліктерге бөліп олардың әр қайсысының атқаратын қызметін нақты меңгерген кезде ғана құжаттардың сапалы болары сөзсіз. Сонымен бірге бұл өз еліңе келіп түсетін дипломатиялық құжаттардың мазмұнын нақты түсінуге де көмектеседі. Дипломатия саласындағы құжаттардың әр бөлімінде пайдаланылған әр сөздің өзінен көп нәрсені аңғаруға болады. Қандай сөз қандай астарлы ойды білдіретіндігі, не себепті мәселені кең көлемде ашқан немесе қысқаша ғана қарастырған, тіпті ізгі ілтипаттылықтың өзі елге, жеке тұлғаға деген жылулықты танытады.
Дипломатиялық құжаттардың көптеген түрінің мағыналық құрылымы келесі құрамдас бөліктертен тұрады:
а) протоколдық сөз орамы;
ә) мағыналы өзегі;
б) дәйектеме бөлімі;
в) дерек немесе деректер келтірілетін бөлім.
Дипломатиялық құжаттардағы протоколдық сөз орамдары мемлекет және үкімет басшыларының жеке жолдауларында, жеке ноталарда, вербальді ноталарда, сондай-ақ шабарман арқылы жіберілетін жадынамалық жазбаларда қолданылады. Протоколдық сөз орамдары ұғымына дипломатиялық құжат бағытталған тұлғаға арналған қаратпа сөз, құжаттың басындағы құрмет сезімін білдіру және дипломатиялық құжаттың соңында білдірілетін қошеметтілік жатады. Осы аталған үш құжаттарда (жеке жолдаулар, жеке ноталар, вербальді ноталар), протоколдық сөз орамдарының атқаратын қызметіне төмендегідей түсініктеме беруге болады.
Бірінші жақта жазылатын және нақтылы тұлғаға арналатын жеке жолдаулар мен жеке ноталарда протоколдық сөз орамдары дипломатиялық құжатты жіберуші мен қабылдаушы арасындағы тікелей жеке қатынасты көрсетеді. Алдымен СКАЧАТЬ