Орта ғасырлар тарихы. Рыскелді Мырзабекова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Орта ғасырлар тарихы - Рыскелді Мырзабекова страница 19

СКАЧАТЬ халқының арасында да тездетіле бастады. Феодалдық қатынастардың элементтері Галлияда ІІІ-ІV ғасырларда колонат түрінде ірі жер иелерінің жеке биліктерін күшейту түрінде пайда болды. Варварлық жаулап алушылықтар құл иеленушілік құрылыстың негізін жойды, бір жағынан ірі жер иеленушілікті, әсіресе Оңтүстік Галлияда әлсіретті. Мұнда бұрын бургундтер мен вестготтар жер бөлісін жүргізіп, жергілікті халықтың қарауындағы жердің көп бөлігін басып алған. Алайда олар жерге жеке меншікті жойып жібере алмады. Мұндай үлес жүргізілмеген Оңтүстік және Солтүстік Галлияда жерге ұсақ шаруалардың меншігі сақталып қана қоймай, сонымен қатар ірі шіркеулік және ақсүйектік жер иелену сақталып қалды. Бұлардың иеліктері бөтен біреулердің жерлерінде отырған жерсіз колондарға жақын тұрған адамдарды қанау негізінде құрылды.

      «Салика заңы» галло-рим халқын үш категорияға бөлді: біріншісіне «корольдің дастархандастары» жатты. Бұларға галло-рим тобының ішінен ерекше иеліктерге ие болған корольдің ең жақын көретін ірі жер иелері кірді. Екіншісіне «поссесорлар» (жер бөлігінің арендаторлары) жатты. Бұларға ұсақ поместиялы және шаруалар түріндегі жер иелері кірді. Үшіншісіне міндеткерлікті өткеруге тиісті «трибутарийлер» кірді. Бұлар бөтен біреудің жерін белгілі бір шартпен пайдаланатындар. Галло-рим халқындағы қауымдық қатынастардың ыдырауы франк қоғамының феодалдануын жеңілдетті. Бұл процесс оңтүстік Галлияда ерекше көрінді. Мұнда бургундтар мен вестготтар өздерінің жерге бөліс жүргізуі нәтижесінде франктермен бірге ортақ деревняларда аралас өмір сүрді. Галло-римдік және германдық қоғамдық қарым-қатынастар синтезінің жинақталу процесінде жаулап алушылар мен жергілікті халықтың арасында құқықтық айырмашылықтар бірте-бірте жойылды. Хлодвигтің ұлдарының тұсында әскери жасаққа қатынасу міндеті корольдіктің барлық тұрғындарына, соның ішінде галло-римдіктерге де жүктелінді. VІ ғасырдың екінші жартысында франк корольдері Рим империясынан бері сақталып келе жатқан, әуелгіде галло-рим халқынан өндіріліп алынған жер және жанбасы салықтарды жаулап алушыларға салуға талпынды. Король үкіметінің осы саясатына байланысты Галлияда бірнеше рет көтерілістер шықты. Олардың ішінде ең ірісі 579 жылы Леможде болды.

      Франк мемлекетінде этникалық айырмашылықтар, жергілікті галло-римдік халық пен жаулап алушы франктердің арасындағы өзгерістер бірте-бірте жойылып, барған сайын әлеуметтік айырмашылықтар алдыңғы қатардан орын ала бастады. Бір жағынан, галло-римдік және франктік жер иелерінің өзара, екінші жағынан, франктік және галло-римдік шаруалардың жақындасушылығы ұлғая түсті. Меровинг дәуіріндегі франк қоғамы алғашқы феодалдық қоғам болып табылды: мұндағы феодалдану процесі баяу дамыды. Сондықтан VІІ ғасырдың аяғына дейін франк қоғамының негізгі тобы ерікті жер иелері – қауымдастар, ал оның шаруашылық ұйымының негізі – ерікті қауым – марка болып қала берді.

      Хлодвиг мирасқорларының тұсында мемлекеттің бөлшектенуі. СКАЧАТЬ