Название: Орта ғасырлар тарихы
Автор: Рыскелді Мырзабекова
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-0568-4
isbn:
800 жылы Ұлы Карл Батыс Рим империясының императоры болып сайланды. Ұлы Карлдың империясы әртүрлі халықтардан тұрған ұлан-ғайыр территорияны иемденді. 800-840 жылдар аралығы Ұлы Карл империясының ең қуатты кезеңдері болды. Ұлы Карлдың өлімінен кейін империя ыдырап кетті.
Ұлы Карл ғылым мен білімнің дамуына көп көңіл бөлді. Өз ауласында еріктілердің балаларына арналған мектептер ашып, білім туралы капитулярилер шығарды. Еуропаның көзі ашық адамдарын жинап, франк тілінің грамматикасын құруды, герман халық әндерін жинауды бұйырды. Грамматиканы Ұлы Карл Петр Пизанскийден тыңдады, басқа пәндерден ұстаз ретінде Британияда туып, көп ғылымды меңгерген Альбинді (лақап аты Алкуин) алдырды. Алкуиннен Ұлы Карл шешендікті, диалектиканы, әсіресе астрономияны үйренді. Астрономияның арқасында Карл шіркеу мерекелерін оңай есептеп шығарып, жұлдыздардың қозғалысын бақылай алатын болды. Үлкен мемлекетті басқару үшін сауатты адамдар керек екенін ол жақсы түсінді. Сондықтан оның тұсында ірі монастырьларда, епископтық орталықтарда мектептер ашылды. Гректердің үлгісімен «Академия» деп Ұлы Карл сарай жанынан шағын үйірме ашады. Жазу өнері жанданды, тарихты бағалады. Оның сарайында маңызды оқиғалардың жылма-жыл жазбасы түсірілді. Оны «Аннал» (латынның «жыл» деген сөзінен алынған) деп атады. Мұндағы суреттеген оқиғалар билеушінің мүддесіне сай келуі үшін анналдарды императордың көмекшілері сараптап отырды.
Алғашқы үш Каролинг – Карл Мартелл, «Қортық» Пипин, Ұлы Карл өз жерлерін ұлғайту мәселесін шешті. Енді жер мұраға қалдырылмады, тек «бенефиция» түрінде берілді. Графтықтар король билігінің басты жүргізушілері mіssі domіnіcі (лат. король елшілері) бақылауында болды. Графтардың күшейіп кетпеуін бақылау мақсатында олардың орнын үнемі ауыстырып отыру дәстүрі қалыптасты. Каролингтер әлеуметтік иерархияның анықталған моделін сайлады. Оған сенімді бағыныштылары мен вассалдары корольге адалдық антын берді. Бұл бағыныштылық барлық әлеуметтік топтарда кең қанат жайды. Бұлар міндетті түрде өз қаражатына корольдің әскерінде қызмет етуге СКАЧАТЬ