Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том. Тәттігүл Картаева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том - Тәттігүл Картаева страница 20

СКАЧАТЬ ХІХ-ХХ ғасырлардың басындағы Сыр өңірінің қазақтарының жер шаруашылығы тарихи-этнографиялық тұрғыдан зерттеліп, онда егіншілік, бау-бақша шаруашылығы мен дәнді дақылдар мен бау-бақша өнімдерінен жасалатын тағамдар жүйесі қамтылған. Ибадуллаева Злиханың «Қазақ халқының құрамындағы қожалар (тарихи-этнографиялық зерттеу)» атты кандидаттық диссертациясында қазақ жерінің әр өңіріндегі қожалармен қатар Сыр өңірінде қоныстанған қожалардың отбасылық әдет-ғұрыптарындағы ерекшеліктер қамтылған [141]. Тахсин Парлак «Сыр-Арал аймағындағы тоқымашылық дәстүрі және оны дамыту жолдары» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап [342], онда Сырдария, Арал бассейні қазақтарының дәстүрлі тоқымашылық өнерінің, соның ішінде кілем тоқу өнерінің қалыптасу тарихы мен әдіс-тәсілдері басты нысанаға алынып, ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейінгі аралық қамтылды. Бұл диссертациялық зерттеулер Сыр өңірі қазақтарын қамтығанымен, жекеленген тақырыптардың мәнін ғана ашады. Осы тұрғыдан келгенде біз ұсынып монографияда Сыр өңірі қазақтарының тарихи-этнографиясы кешенді тұрғыда қарастырылып, зерттеу жұмысы тұтастай бір тақырыптың бірнеше қырларын сараптап зерделейді.

      «Мәдени мұра» Ұлттық стратегиялық бағдарламасы аясында жарық көрген «Қазақстан тарихы туралы түркі дерекмелері» атты еңбекке енген «Сығанақ жарлықтары» атты құжаттың [199] Сыр бойындағы ортағасырлық тайпалардың тарихи-этнографиясына қатысты маңызды мәліметтердің құндылығы жоғары.

      «Алаш» тарихи-зерттеу орталығының «Ру-тайпалар тарихы» ғылыми жобасы бойынша жарық көрген кітаптарда Сыр бойындағы ру-тайпалардың қоныстану тарихы қамтылған. Атап айтқанда, «Оңтүстік аймақтардағы тамалар», «Оңтүстік аймақтардағы табындар», «Жағалбайлы», «Керейт», «Кердері», «Перовск уезіндегі телеулер», «Қазалы уезіндегі телеулер», «Сыр бойындағы жалайырлар», «Перовск уезіндегі арғындар», «Бағаналылардың қоныстануы», «Балталы наймандардың қоныстануы» атты бөлімдерде Перовск және Қазалы уездері қамтылған, онда аталған ру-тайпалардың қоныстануы «Материалы по киргизскому землепользованию» атты жинақ дерегі бойынша жазылып, тек этногеографиялық, статистикалық мәселелер қысқаша қамтумен шектелген [196, 1 т., 204-224; 2 т., 292-328; 3 т., 320-321; 5 т., 130-163; 6 т., 447-453; 8 т., 437-438; 9 т., 384-388; 10 т., 279-303]. Ғалымдардан тама, жағалбайлылардың қоныстануын жазуға А.Б.Қалыш, Е.Пірімбетова, керейт, кердерілердің қоныстануын жазуға Ә.Исаева, ал телеу, табын, жалайыр, арғын, найман руларының қоныстануын жазуға Т.Е.Картаева қатысқан.

      М.С.Сазонованың «Традиционное хозяйство узбеков Южного Хорезма» атты еңбегінің «Пути сообщения и средства передвижения», «Торговля» атты бөлімдерін Орта Азия шығатын керуен жолдарының Сыр үстінен өтетін бағыттарын, керуен жолдарының қашықтығын және Орта Азия хандықтарынан келетін сал, кеме сияқты қатынас құралдарының жеткізілу жолдарын анықтау мақсатында қарастырдық [323].

      Сыр өңірі қазақтарының және жалпы халықтардың тарихи-этнографиясының деректік негіздерінде палеографиялық СКАЧАТЬ