Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том. Тәттігүл Картаева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том - Тәттігүл Картаева страница 24

СКАЧАТЬ Қарақұм Орал өңірі мен Түркістан өңірінің жаңа шекарасының Қарақұм үстінен өту себебі біріншіден, № 1 форт қазақтары жазда Орынбор линиясына қарай көшіп, жыл мезгілінің көп уақытын сонда өткізеді, екіншіден Бұхара, Хиуа сауда керуендері Орынбор, Орск, Тройцкіге № 1 форт үстінен өтеді [302, 9].

      Қазалы өңірі орыс әкімшілігінің Түркістан өңіріндегі әскери әрекетінің алғашқы базасы, алғашқы қадамы болып саналады. 1846 жылы Орынбор әскери генерал-губернаторы Обручев Сырдарияның төменгі ағысы бойы жөнінде мәлімет жинақтау үшін штаб капитан-генералы Шульцты командировкаға жібереді. Шульцтың мәлімдемесінен соң, Обручев патша үкіметінен рұқсат алып, 1847 жылы Сырдария өзенінен 60 км. жерде жатқан Райым елді мекенінен Райым бекінісі салынды [313, 594]. Райым бекінісі 1848-1849 жылдары Бутаков бастаған экспедициясының Сырдың төменгі ағысы мен Арал бассейніне зерттеу жүргізуіне қолайлы жағдай тудырды. Осы кезеңдердегі қоқандықтардың шабуылы, Ақмешіт қазақтарымен арасындағы ішкі қырқыстар орыс әскерлерінің күшін Сыр бойына жұмылдыруға әсер етті.

      Қазалы уезінің орталығы Қазалы қаласы 1850 жылы Қазалы өзені бойынан форпост ретінде құрылған. 1850 жылы Райым бекінісі Арал қаласы болып өзгертілді. 1855 жылы Арал бекінісіне айналған Райым бекінісіне әскери басқарма мекемесі көшірілді. 1867 жылы № 1 форт ретінде ликвидацияланып, Қазалы қаласы болып өзгертілді, 1867 жылдың 11 шілдесінен Сырдария облысының уездік қаласына айналды. Қазалыға келген қоныстанушылардың қатарын Орынбор казактары, Арал флотилиясының солдаттары мен матростары құрады. Осылайша Түркістан өңірі қоныстанушыларының пионерлері әскери сословие болды [313, 595]. № 2 Қармақшы фортының үстінен Сырдарияның сол жақ бетін қыстаған көшпелілердің көш жолы өткен. Қармақшыдан оңтүстік-батысқа қарайғы 50 шақырым жердегі Жетіасар қалашығында ертедегі тіршіліктің іздері сақталған.

      1867 жылдары Қазалы уезі Қаракөл, Қостам, Райым, Сарытоғай, Қарабастоғай, Заңғар болыстарына бөлініп, 41 қазақ ауылын құраған. Ал, 1911 жылы 18 болыс, 160 қазақ ауылынан, 1920 жылы 11 болыс, 69 әкімшілік ауылдан тұрды.

      Қазалы қаласы уезінің нақ ортасында орналасып, 1867-1906 жылдар аралығындағы деректер бойынша Қазалы уезінің жері 59550 кв. шақырым болса, 1911 жылы 87 263 кв. шақырым, 1920 жылы 86 688 кв.шақырым жерді алып жатты [287, 1; 261, I]. Қазалының оңтүстік-шығыс бөлігінде Перовск уезімен шекарасында орналасқан Қармақшы болыстығы 1867 жылғы әкімшілік өзгерісі бойынша Перовск уезі құрамында болатын, ХХ ғасырдың бас кезіндегі әкімшілік өзгерістерге байланысты Қармақшы болыстығы Қазалы уезіне қарап, нәтижесінде Қазалы уезінің жер көлемі кеңейді. Қазалы уезі Қазалы және Қармақшы учаскелеріне бөлінген.

      Қазалы қаласы Сырдарияның төменгі ағысындағы ірі сауда орталығы болған. Орынбор Ташкент аралығындағы жолда орналаласып, Қазалыдан Орынборға, Ташкентке, Хиуаға, Бұқараға апаратын сауда жолдары бағыт алды. Темір жолдың салынуы, Арал қаласының ірі балық шаруашылығы орталығына айналуы себепті Қазалы қаласының сауда орталығы ретіндегі ролі тарыла бастады. Дегенмен, Қазалының сауда орындарынан жүн, СКАЧАТЬ