1960, 1989, 1991 жылдары ҚРМОМ этнографиялық экспедициясы материалдық мәдениет мұраларын жинау мақсатында Қызылорда облысында болып, жергілікті тұрғындар қолындағы заттық мәдениет ескерткіштерін жинақтап, ғылыми паспортын жасаған [204].
1998 жылы Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты тарихи-мәдени мұраларды жинау мақсатында Қызылорда облысында экспедиция жүргізген. 2000 жылы маусым айында Астана қаласындағы Президенттің мәдени орталығының Этнографиялық залын жасақтау мақсатында этнограф-ғалым Нұрсан Әлімбайдың басшылығымен Қызылорда қаласы, Тереңөзек, Сырдария аудандарында этнографиялық экспедиция жұмыс жасады. Экспедиция нәтижесінде жиналған мұралар аталмыш орталықтың қорына тіркеліп, ғылыми паспорты жасалып материалдық мәдениеттің заттай деректері ретінде зерттелді.
ҚРМОМ-ның «Қазақтың дәстүрлі этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атаулар жүйесі» ғылыми-зерттеу жобасы бойынша музей қызметкерлері Досымбек Қатран мен Ақеділ Тойшанұлы 2007 жылдың 26 қыркүйек – 8 қазан аралығында Сыр бойының Арал, Қазалы, Жалағаш, Тереңөзек аудандарында болып, шаруашылық заттардың жергілікті атауларын, мәнісін, қолданыс аясын зерттеумен шұғылданды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Археология, этнология және музеология кафедрасы «Қазақ халқының дәстүрлі мұраларын жинау, жүйелеу және жариялау» ғылыми-зерттеу жобасы аясында 2012-2013 жылдары Қызылорда облысына далалық-этнографиялық экспедиция ұйымдастырды.
Ә.Марғұлан [236;237], У.Шалекенов [374], О.Исмағұлов [147; 148], С.Әжіғали [38; 4; 5; 3], Ә.Төлеубаев [348], Ж.Артықбаев [34; 33], Н.Әлімбай [39; 14], А.Тоқтабай [347; 198, І, 116-125-б], Ш.Тоқтабаева [346] сияқты отандық этнограф ғалымдардың зерттеулері қамтылды. С.Әжіғалидың «Крател елінің асыл мұрасы» [38], «Архитектура кочевников – феномен истории и культуры Евразии» атты еңбектерінде [3] Арал теңізінің шығыс жағалауындағы бейіт, мазарларды есепке алып, картасын ұсынған. Бұл еңбектердің Сырдың төменгі ағысының Аралмен шектесетін тұсындағы тарихи-мәдени ескерткіштердің қазақ тарихы мен этнографиясында, жалпы түркі әлемінде алатын орын нақтылауда маңызы зор. С.Әжіғали, Р.Бекназаровтар Сырдарияның төменгі ағысы бойын «Арал-Каспий» аймағы компонентінде қарастырады. Н.Э. Масановтың «Кочевая цивилизация казахов (Основы жизнедеятельности номадного общества)» [239], В.Ф.Шахматовтың «Казахская пастбищно-кочевая община (вопросы образования, эволюции иразложения)» [376] атты еңбектерінің қазақтардың СКАЧАТЬ