Төңкеріс. Пиесалар. Қайыркелдi Руспаев
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Төңкеріс. Пиесалар - Қайыркелдi Руспаев страница 9

СКАЧАТЬ менің ойымша, ондайлар біздің қатарымыздан табыла да қоймас.

      Бұл қысқаша хабарландыру. Толық үндеу әр үйдің кіреберісіне, көшедегі хабарландыру тумбаларына, қалада шығатын газеттердің беттерінде жарияланады. Ал, әзірше хош сау болыңыздар! Аллаһү Акбар!

      Телевизордың экранында ислам дініне сәйкес сурет пайда болады да Құран оқыла бастайды.

      Жамал. (пультпен телевизорды сөндіреді де Асқарға бұрылады) Бұл не? Мұны қалай түсінуге болады?

      Асқар. (телевизордан көзін айырмай басын шайқайды) Ә-әй, Ғабдуррахман, Ғабдуррахман! Бүкіл шаруаны бүлдірдің ғой!

      Жамал. Енді не істемекпіз?

      Асқар. (есікке бетейді) Ғабдуррахманға барамын. Бұл бүлікті тоқтату керек.

      Жамал. Асқар!

      Асқар. Не?

      Жамал. Барма. Ол сені тыңдамайды… ол енді ешкімді тыңдамайды. Ол тым қатты кетті… көрмейсің бе не болып жатқанын? Одан да отыр, ақылдасайық. Біз не істейміз, соны анықтап алайық.

      Асқар. Біз? Сен нені айтып отырсың? Маған Ғабдуррахманмен жолығып бүлікті тоқтату керек.

      Жамал. Сен оған енді ештеңе істей алмайсың. Сен әлі түсінбедің бе – ол сені алдап соқты. Менің ойымша, бізге кету керек. Бүгін кету керек – ертең кеш қаламыз.

      Асқар. Кету керек? Қайда?

      Жамал. Білмеймін. Ең әуелі, жолдарды жауып тастамай тұрғанда, қаладан шығып кету керек. Ал сосын табармыз қайда баруды… мәселен, біздің ауылға барайық. Бір-екі апта әкейдің үйінде бола тұрармыз, мүмкін, оған дейін бұл бүлік те басылар. Өкімет, президент жәй қарап отырмас.

      Асқар. Жоқ, Жамал, болмайды. Дәл қазір мен ешқайда кете алмаймын. Қалай мен халықты, жамағатты тастап қашып кетпекпін? Мен олардың имамы емеспін бе! Және қашатындай бізге қауіп төніп тұрған жоқ. Дәл біздің отбасымызға қауіп төніп тұрған жоқ.

      Жамал. Оны қайдан білесің?! Мына бүлікшілерден не хайыр күтуге болады? Ертең мені, не қызыңды пәренже кимедің деп дүреге жықса не істейсің?

      Асқар. Енді киініңдер адам сияқты! Ешкім «пәренже ки» деп тұрған жоқ, хиджап, кимешек, ұзын етек көйлек, бастарыңа жаулық киіңдер! Неше жыл мен саған қақсап келемін – сенің мына киім кисіңмен менің көзімді шұқып бітті ғой ақсақалдар! Ана қыз да кисін хиджап, бұл киім мәселесі жөнінде мен Ғабдуррахманды жүз пайыз қолдаймын. Өйткені қазір мұсылмандарға біздің көшелермен жүруге болмайды – бүкіл қыз-келіншек жалаңаш жүр. Өздеріңді мұсылманмын деп санасаңдар, мұсылманға тән киім киіңдер, намазға жығылыңдар – Ғабдуррахманның бұл талаптары орынды. Бұл оның да талабы емес – бұл Алланың талаптары. Менің тек шейхпен келісе алмайтыным – басқа ұлттар мен басқа дін ұстанушыларға «қаладан кетесіңдер» дегені. Және біртұтас мемлекетімізді бөлшектеп автономия құрамын дегені – бұл өте қауіпті авантюра. СКАЧАТЬ