Төңкеріс. Пиесалар. Қайыркелдi Руспаев
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Төңкеріс. Пиесалар - Қайыркелдi Руспаев страница 6

СКАЧАТЬ қаламайды. Егер ол соны қалағанда бүкіл адамзат бір күнде, бір сәтте мұсылман болып шыға келуші еді. Мұхаммед пайғамбар да, саллаллаһу ғалайһи уассалам, өз отанында шариғат заңын орнатудың алдында ең әуелі отандастарының ислам дінін жүректерімен, сана-сезімдерімен қабылдауын қамтамасыз етті, және де сол уағыз ұзақ уақытқа созылды – жиырма үш жыл бойғы үгіт-насихат нәтижесінде ислам діні қабылданды. Мінеки, біз де солай істеуіміз керек. Әуелі шариғатты, ислам дінін, оның қағидаларын біздің отандастарымызға уағыздап, насихаттап, түсіндіріп, адамдарды тәрбиелеп, дінімізді жүректерімен, санасымен қабылдауын қамтамасыз етіп еңбектенсек, содан кейін сол адамдар шариғат заңын мемлекет заңы ретінде өздері де қабылдап алады. Мұның бәрі бір күндік жұмыс емес. Егер пайғамбарымыз, саллаллаһу ғалайһи уассалам, Алланың тікелей қолдауымен, ислам дінін уағыздауына жиырма үш жыл уақыт жұмсаса, ал бізге, біздің шектеулі қабілетімізбен, бізге қанша уақыт қажет? Сіздердің алдарыңызға қойған мақсаттарыңыз дұрыс, тек қана сол мақсатқа бір күнде жетеміз деп ойламаңыздар.

      Ғабдуррахман. Бәрбір ешқашан, еш заңды бүкіл қоғам, бүкіл халық жаппай қабылдаған емес. Көпшілік қабылдаса неғайбіл. Көбінесе қоғамның бір тобы, және де шағын, кейде ең аз тобы, сол заңды қабылдайды да, қалған топтарды қабылдауға мәжбүр етеді. Кез келген жаңа заң күшпен, зорлықпен орнайды. Ал сол заңдардан шариғаттың не кемшілігі бар? Мәселен, пайғамбарымыз да, саллаллаһу ғалейһи уәссалам, кейбір кезеңдерде қолына қару алуға мәжбүр болған. Осыны білмеймін дей алмассыз.

      Асқар. Білемін. Бірақ сіз бір нәрсені ескеріңіз – пайғамбарымыз Мұхаммед, саллалаһу ғалейһи уәссалам, қолына қаруды ешқашан өз еркімен алмаған. Тек қана Алланың тікелей нұсқауымен алған. Ал сізде сондай нұсқау бар ма? (жігіттер тағы да күліп жібереді)

      Ғабдуррахман. (ашулана бастап жамағатқа көзін алайтып қарайды – күлкі пышақ кескендей тыйылады) Имам! Сіз не – мені келемеждеп отырсыз ба? Өзі біздің әңгімеміз айтысқа айналып кеткенге ұқсайды – сіз біздің жігіттерге шариғат заңы жөнінде дәріс беруге келісесіз бе, әлде басқа ұстаз іздеуге тура келе ме? Сіз соны айтыңыз.

      Асқар. (біраз уақыт ойланып отырып, ақыры басын көтеріп) Әрине, мен ешқашан шариғат жөнінде дәріс беруден бас тартпаймын. Мен өзі әрдайым мешітте жамағатқа уағыз айтып отырамын. Сіздердің біздің жамағаттан жіктеліп, оңаша дәріс алғандарыңыз дұрыс емес…

      Ғабдуррахман. (сөзін бөліп жіберіп) Жоқ! Сіз айтыңыз – бізге, осында отырған жігіттерге шариғат заңы жөнінде дәріс бересіз бе, жоқ па? Осы сұраққа жауап беріңіз!

      Асқар. (күрсініп алып) Жақсы, мен сіздерге дәріс берейін.

      Ғабдуррахман. Бәрекелді! Мен сізден басқа жауап күтпеп те едім. Шынын айтайын – мен сіз жөнінде тек өте жақсы лебіз естіп жүрмін. Қай мұсылманнан сұрамасаң, сізді адал адам, нағыз мұсылман деп сипаттайды. Қазіргі заманда кейбір молдалар, имамдар Аллаһтың заңын СКАЧАТЬ