Төңкеріс. Пиесалар. Қайыркелдi Руспаев
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Төңкеріс. Пиесалар - Қайыркелдi Руспаев страница 12

СКАЧАТЬ дейсің? «Өлтір, қыр, жой!» дейін бе?!

      Гүлнәр. Кім қырып-жойып жатыр?!

      Жамал. Қырып-жоймағанда не қалды?! Әне, қара өзің терезеден, полиция бөлімшесінің не болғанын. Сонда біреу тірі қалды деймісің? Танктің зеңбірегімен талқандалған үйде кім тірі қалушы еді! Кім сол ғимаратты талқандаған? Ә?! Мүмкін Ваняның хазіреті шейхы емес шығар?

      Гүлнәр терезеге беттей бергенде даладан бірдеңе гүрс ете түседі де, енді балконның ішкі есігі шалқасынан ашылып, әйнектері күл-талқаны шығып шашылады. Қыз шыңғырып жібереді де кері шегініп кетеді. Иван оны құшақтай алып денесімен қорғалайды. Жамал мен Мария бұғып қалады.

      Берік. (келесі бөлмеден жүгіріп келіп балконға шығады) О! Қараңдар – Абылайханның ескерткішінің күл-паршасы шығыпты.

      Жамал. Берік! (баланың жанына жетіп барып оны бөлмеге күштеп кіргізеді) Өле алмай жүрмісің, сорлы бала?!

      Берік. Қорықпа, мама, бітті, енді ештеңе болмайды.

      Жамал. (баласын өзіне қысып көшеге көз тастайды) Иә! Енді Абылайханның ескерткіші кімге бөгет болды екен?

      Мария. Бұған таңырқауға болмайды. Енді қаладағы бүкіл ескерткіштер құлатылады. Бюсттер мен барельефтер талқандалады. Мекемелер мен мұражайдағы суреттер де жойылады. Өсімдік, жануар және адам бейнесі ислам дінінде харам болып есептеледі.

      Жамал. Е-е! Бұл соққандар тек қана бейнелерді құртумен шектелсе жарар еді. Сурет пен мүсіндерден кейін адамдардың өздерін құрта бастамаса. (Иванға қарайды)

      Иван. (Гүлнәрды қолынан тартып есікке қарай беттейді) Ал, біз кеттік.

      Жамал. Бар, бар! Қыр, жой, жар, құлат! Өлтір! Тек қана Гүлнәрда жұмысың болмасын. Ол енді саған жоқ.

      Гүлнәр. (Иванмен кетуге ыңғайланып) Мен қазір келемін, мама.

      Жамал. (қызының жанына жетіп барып оның қолын жігіттің қолынан жұлып алып) Жоқ, сен ешқайда бармайсың! (басқа бөлменің есігіне қарай итермелеп) Бар, киіміңді жина, біз кетеміз.

      Гүлнәр. Кетеміз?! Қайда?

      Жамал. Әзірше білмеймін, әйтеуір осы қаладан шығып кетсек болғаны.

      Гүлнәр. Ал папам ше? Папам да кете ме?

      Жамал. Кетпегенде не?! Оны осында, мына есуастардың арасына қалтырып кетпекпісің?

      Гүлнәр. Білмеймін. Папам имам емес пе еді…

      Жамал. Имам болса не?!

      Иван. Жоқ, Асқар аға ешқайда кетпеуге тиісті. О кісі…

      Жамал. Сен әлі осындамысың?! Иван! Өз отбасымыздың мәселесін өзімізге шешуге рұқсат беретін шығарсың!

      Иван. А! Иә, иә… кешіріңіз. Ал, мен кеттім… (кетіп бара жатып есік алдында бөгеледі, Гүлнәр да келесі бөлменің есігінің алдында тоқтап, екеуі бір мезгіл бір-біріне үнсіз қарап тұрады да шығып кетеді)

      Мария. (ұлын көзімен шығарып салып Жамалға бұрылады) Иә, бұларды тез арада тоқтатпаса, бүлдіреді талай істі!

      Жамал. Тоқтататын шығар. Президент бұл бүлікке жай қарап отырады деймісің. Бір шара қолданар.

      Мария. Иә, СКАЧАТЬ