Төңкеріс. Пиесалар. Қайыркелдi Руспаев
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Төңкеріс. Пиесалар - Қайыркелдi Руспаев страница 13

СКАЧАТЬ дүрліктірмей жәй тұр. Балта мен дің ұрылардың қолын шабуға керек.

      Бірінші дауыс. Бәсе! Басын шабады дегені…

      Халық тағы да гу-гу. Алаңның бір жағын қоршап «Әл-хизб» партиясының қарулы жасақтары келіп сап құрады. Олардың белдіктерінде тапанша, қолдарында резеңке шоқпар. Ал алаңның екінші жағына автомат асынған гарнизон сарбаздары келіп сап түзеп жатыр. Сахнаның бергі бетінде, көрермендерге қырын беріңкіреп үстел тұр, оның бір жағында үш орындық, ортаңғысының арқасы қалған екеуінен биігірек. Қази келіп ортаңғы орындыққа жайғасады. Оның соңынан, қолында арнайы дәптері бар хатшы келеді де қазидың сол қолындағы орындыққа отырып, дәптерін ашып, қаламын алып бірдеңе жаза бастайды. Олардың соңынан, көмекшілерін ертіп Ғабдуррахман шейх келеді. Шейхтің үстінде шапан, басында сәлде, аяғында мәсі, қолында қамшы.

      Ғабдуррахман. (оң қолын қамшысымен бірге кеудесіне басып) Ассаламу ғаләйкүм!

      Топтан бір-екі дауыс. Уа ғаләйкүм ассалам!

      Ғабдуррахман. Мұсылмандар! Ағайындар! Бүгінгі күн тарихқа кіретін күн. Өйткені қазір, біздің жерімізде бірінші рет, шариғат соты өтпек. Біз көп уақыт заңсыз өмір сүрдік. Әлгі бұрынғы заң-сымақ біздің адамдарды тек азғындыруымен болды. Өйткені ол заңсымақтарды адамдар ойлап шығарған. Ал шариғат заңы – ол Аллаһтың заңы! Кейбіреулер ол заңды тым қатал дейді. Бұл жалған! Өтірік! Шариғат заңы – ең әділ заң. Иә, нағыз қылмыскерлер мен күнәһарлар үшін ол қатал болар. Алайда, бейкүнә адамды бұл заң жазаламайды. Мына мұсылманды мен өзімнің әмірімен қази етіп тағайындадым. Бұл кісі шариғат заңдарын жақсы біледі. Қази, бұрынғы сот-сымақтарға қарағанда өте әділ, заңның бұрмалауына жол бермейді, пара алмайды, өйткені ондай қылмыс үшін Аллаһтың алдында жауап береді. Әрине, бұрынғы сот-сымақтар да Жасағанның алдына барады, бірақ олар оны білмеді, олар оған сенбеді. Олар өздерінің қылмыстарын жұртқа білдірмей бақты. Алайда, Аллаһтан еш нәрсені жасыра алмайтынын ойламады. Ал, енді көп сөзге бармай, Аллаһтың атымен бастайық. Бисмилләһ!

      Қази. Бисмилләһ! (үшінші орындық шейх үшін қойылған деп ойлап сол орындықты нұсқап) Келіңіз, хазіреті шейх, отырыңыз.

      Ғабдуррахман. Жоқ, бұл орынға біздің хазреті имам отырмақ. Ол кісі сізге көмек көрсетеді. (жанындағы бір көмекшісіне) Кәне, мешітке барып кел, имамға сот басталайын деп жатыр, тезірек жетсін де. (көмекші кетеді)

      Қази. Иә, иә, тезірек жетсін де! (шейхке) Ал, бастайық! Кім бар?

      Ғабдуррахман. (қамшысымен мәсінің қонышын ақырын сабап тұрып, жанындағы көмекшілеріне) Кәне, әкеліңдер қылмыскерлерді.

      Көмекшілері екі қызды алып келеді. Бірінші қыздың бұтында денесімен бір болып жабысқан, арғы жағынан бүкіл бөксесі айқын көрініп тұрған «лосина» деген дамбал тәрізді бірдеңе. Толық қыздың құйрық жағы тырсиып тұр. Екіншісі тым жас, бұтында джинсы, джинсы мен үстіндегі топик деген қысқа бірдеңенің арасы ашық, қыздың кіндігі көрініп тұр. Толық қыз ашулы, ал жас қыздың жүзі үрейлі.

      Ғабдуррахман. Бұл не деген батпан құйрық, ен далада жатқан құйрық! СКАЧАТЬ