Төңкеріс. Пиесалар. Қайыркелдi Руспаев
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Төңкеріс. Пиесалар - Қайыркелдi Руспаев страница 11

СКАЧАТЬ өтіп кетіпті. Мына аласапыран басталысымен оған телефон шалып, «қаладан кетейік» деп едім, ол «мен ешқайда кетпеймін, мен партия мүшесімін, біз ислами автономия құрып шариғат заңын орнатамыз» демесін бе. Сол жерде құлай жаздадым! «Біз ешқайда кетпейміз, бізге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ» дейді. Енді міне – не істерімді білмей отырмын.

      Жамал. Әй қайдам, дәл осындай сөзді жаңа Асқар да айтып еді. Ал мен бір сұмдық боларын сезіп тұрмын. Менің саған беретін кеңесім – мүмкіндік барында бұл қаладан шығып кет. Ертең әлгі шейх ислам дінін қабылда деп бұйырса не істейсің? Ларисаны ал да кет! Ал Ваня – ол өзі білсін. Ол енді бала емес, өзінің ақылымен өзінің тағдырын өзі шешкені дұрыс шығар. Тек қана бұлардың барлығы өз ақылымен жүргенге ұқсамайды. Әлгі шейх Ғабдуррахманның ықпалына түсіп кеткенге ұқсайды. Ал ол ше – ол адамдарды алдап-арбап алған. Әне, Асқарды да алдап соқты. Асқар оның төңкеріс дайындап жүргенін біліпті. Иә, Ваня да оны білді. Ал ол бозбаладан не сұрайсың! Ол әлі тым жас. Және де ол Асқардың соңынан еріп жүр. Ол өзі ислам дінін Асқар үшін қабылдаған жоқ па.

      Мария. Ал меніңше – ол ислам дінін Гүлнәр үшін қабылдаған сияқты. Және де Асқар сол партияға мүше болмаған көрінеді…

      Жамал. Иә, әрине, ол «Әл-хизб» қатарына кірген жоқ. Бірақ та ол солардың құпия жоспарларын біліп жүріпті. Сол партияның жиналыстарына қатысып жүріпті. Ал шейх ше – ол Асқардың мұсылмандар арасындағы беделін пайдаланып, жастарды, гарнизонның офицерлерін өзінің ықпалына түсіріп алғанға ұқсайды. Олардың барлығы Асқар мен Ғабдуррахманның ісі бір деп жүрген ғой.

      Мария. Сонда олар бірге емес пе?

      Жамал. Иә, Асқардың айтуынша, екеуінің жоспары бір. Алайда, Асқар сол жоспарды төңкеріс арқылы жүзеге асыруға қарсы болыпты.

      Мария. Енді Асқар не істемекші?

      Жамал. Білмеймін. Ол енді не істей алады? Ол енді ештеңе істей алмайды! Шейх енді оған құлақ та аспайды, ол өзінің дегеніне жетті. Жоқ, кету керек! Жол ашықта кетіп үлгеру керек! Асқар жамағатын тастай алмаймын дейді. Мүмкін соған қарамай, балаларды алып кетіп отырсам қайтеді, ә?

      Мария. Білмеймін. Әрине, балалардың жағдайын ойлау керек. Бірақ, сендерге қауіп төніп тұрған жоқ тәрізді.

      Жамал. Әй, қайдам! Кімге қандай қауіп төніп тұрғанын кім біледі? Мен…

      Осы жерде Гүлнәр мен Иван кіреді. Иванның үстінде «Әл-хизб» жасақтарының униформасы. Белдігінде тапанша.

      Гүлнәр. Сәлеметсіз бе, Мария тәте.

      Мария. Сәлемет пе, Гүлнәр.

      Иван. Сәлеметсіз бе, Жамал тәте.

      Жамал. (жігітке тесірейіп қарап тұрып) Сәлеметпіз… Ваня. Сені тану қиын, үстіңдегі киімің бір түрлі…

      Гүлнәр. (жігітінің абыржыңқырап тұрғанын сезіп алға шығады) Қалада не болғанынан хабардарсыздар ма?

      Жамал. (қатал үнмен, көздерін Иваннан айырмай) Е! Керең, соқыр болып кеткен жоқ шығармыз! Сен қайда жүрсің?

      Гүлнәр. Біз бе? Біз орталықта болдық. Онда…

      Жамал. СКАЧАТЬ