Төңкеріс. Пиесалар. Қайыркелдi Руспаев
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Төңкеріс. Пиесалар - Қайыркелдi Руспаев страница 16

СКАЧАТЬ style="font-size:15px;">      Қази. Осымен доғарсақ қайтеді, хазіреті шейх? Бүгінгіге жетер…

      Ғабдуррахман. О не дегеніңіз! Бұл тек бастама ғана. Халқымыз қылмыс пен күнаға белуарынан батып жүр. Жергілікті түрме істі болған қылмыскерлерге лық толы, қазір онда аяқ басар жер жоқ. Арақ істеп сататындар мен ішетіндер, есірткі тарататындар мен нашақорлар, жезөкшелер мен зинақорлар, құмар ойын ұйымдастырушылар мен ойнаушылар, пара алушылар мен пара берушілер, ақшаны өсімге берушілер мен аңқау еңбекшілдерді алуан түрлі қитұрқы әдістермен алдап байитын арамтамақтар, кісі өлтірушілер мен зорлаушылар, ұрылар мен адам тонаушылар, еркек пен еркек жынысты қатынасқа түсушілер, әйел мен әйел қосылып отбасын құрушылар және сол сияқты түрлі-түрлі азғындар өздерінің соттарын тосып отыр. Осындай қылмыскерлер мен азғындардан арылмай біз нағыз ислами мемлекет құра алмаймыз. Сондықтан ерінбей, шаршамай-шалдықпай, білегімізді түріп алып іске кірісейік.

      Қази. Жарайды, әкеліңдер келесі қылмыскерді.

      Шейхтің көмекшілері бір жас келіншекті алып келеді. Осы жерде имам Асқар келеді.

      Ғабдуррахман. (қазидың жанындағы бос орынды нұсқап) Хазіреті имам, келіңіз, міне сіздің орныңыз. (Асқар отырады, оның екі көзі қылмыскерде)

      Қази. Бұл келіншектің қылмысы неде?

      Асқар. Не бүлдіре қойды екен бұл бала?

      Ғабдуррахман. О хазіреті имам! Сіз адамның сыртқы пішініне қарамаңыз. Осындай, түк білмегенсіп, үлбіреп тұрғандардың ішінде өлген ит жатады. Бұл оңбаған жаңа туған нәрестесін перзенханада тастап кетіпті.

      Асқар. (не дерін білмей қалып) М-м… кеткен екен бір қателік… жас қой…

      Қази. Куәгерлер бар ма?

      Ғабдуррахман. Бар. Бір дәрігер және екі медбике.

      Куәгерлер жақындайды. Дәрігер ер адам.

      Қази. (дәрігерге) Сіз мына келіншектің өз нәрестесін перзентханада тастап кеткенін растап куәлік етесіз бе?

      Дәрігер. Иә, әшһәду, куәлік етемін – бұл келіншек өз баласын перзентханада тастап кетті.

      Қази. Жақсы. (медбикелерге) Ал сіздер ше?

      Екі медбике. (бірлесіп) Әшһәду, куәлік етеміз – бұл келіншек бала табысымен одан бас тартты да тастап кетті.

      Қази. Жақсы, сіздер кете беріңіздер. (келіншекке) Балаңды неге тастап кеттің? Күйеуің қайда?

      Келіншек. Күйеуім жоқ. Мені бір жігіт алдап кетті – аламын деді де екіқабат болып қалғанда тастап кетті. Сосын, баланы асырай алмайтын болғасын оны тастауға мәжбүр болдым.

      Ғабдуррахман. Бұл себеп емес. Айналаңа қарашы – не? Жұрт баласын асырай алмай аштан қырылып жатыр ма? Бұл не сандырағың? Неке қиыспай еркектің қойнына неге жаттың? (келіншек үндемейді) Ал, жарайды, шайтанның азғыруына ұшыраған екенсің, некесіз бір азғынның қойнына жатқан екенсің, екі қабатты болып қалған екенсің, бала тапқан екенсің – не болмай жатыр қазіргі заманда. Неге сен өзіңнің сәбиіңді, СКАЧАТЬ