Төңкеріс. Пиесалар. Қайыркелдi Руспаев
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Төңкеріс. Пиесалар - Қайыркелдi Руспаев страница 14

СКАЧАТЬ бота көз, қалам қас, оймақ ерін, көрікті де сымбатты бейне – мұның бәрінің қажеті болмай қалды. Мақтан тұтатын бір-ақ байлық қалды – тек мынадай, майдан тырсылдап жарылайын деп тұрған көт! (тағы да қыздың арт жағынан қамшымен салып қалады; қыз тағы да шыңғырып бұлқынады)

      Ғабдуррахман. (Қазиден) Хазіреті қази, мына қызға қандай жаза тағайындайсыз?

      Қази. Жиырма дүре берілсін.

      Ғабдуррахман. Дұрыс. (қызды ұстап тұрған көмекшілеріне) Кәнеки, апарыңдар, беріңдер тиісті дүресін. Айтқан ақыл құлақ арқылы қонбаса санасына – арт жағынан қонатын шығар.

      Шейхтың көмекшілері қызды дүре соғатын бағанға апарып қолдарын кісендейді. Жендет қызды қамшымен ұра бастайды. Бірақ, ұрысы тым әлсіз.

      Ғабдуррахман. (жендеттің жанына жетіп барып) Әй, мұның не? Дүрені осылай соға ма? Сен мұны қамшыңмен сипап тұрсың ғой.

      Жендетті орнынан ығыстырып қызды қамшының астына алады Қыз айғайға басып алаңды басына көтерді, оған қарайтын шейх жоқ, дүренің санын жария санап тұр. Халық гу-гу, кейбіреуі күліп жатыр, кейбіреулері қызды кекетіп бірдеңе деп жатыр, кейбіреулері шейхпен бірге дүре санап тұр. Дүре соғылып болғасын жендеттер қызды босатады, ол арт жағын ұстап, ақсаңдап жәйіне кетеді. Ол жылап барады, топтың ішінен қызды кекетіп-мұқатып жатыр, қыз оларға бірдеңе деп жауап қатып барады.

      Ғабдуррахман. (Қазидың жанына оралып келіп, екінші қызға) Кіндігің неге ашық, ә?! (қыздың кіндік тұсын көздеп қамшысын сермейді, қыз шыңғырып жіберіп, ішін екі қолымен басып, бұғып қалады, оны ұстап тұрған шейхтің көмекшілері оның бойын түзетіп тұрғызады)

      Екінші қыз. Ағатай! Ұрмаңызшы! Кешіріңіз, мен енді кіндігімді ашпаймын. Кешіріңіз, ағатай, кешіріңіз, мен енді дұрыс киініп жүремін! (жылап жібереді)

      Ғабдуррахман. Киінесің, әрине киінесің! Енді жалғыз сен емес, барлық қыз-келіншек адам сияқты киініп жүретін болады. (Қазиға) Мына қызға қандай жаза тағайындайсыз?

      Қази. Бала тым жас екен. Сондықтан бірінші ретке кешірсек қайтеді?

      Ғабдуррахман. Менен несін сұрайсыз – бұл жерде қази сіз емес пе! Шариғат заңы бойынша жаза беріңіз. Тағайындаған жазаңыз тым жеңіл болса, немесе орынсыз кешірім жасасаңыз Аллаһтың алдында жауап бересіз.

      Қази. Иә, иә, әрине. Ал бұл балаға он дүре берілсін.

      Ғабдуррахман. (көмекшілеріне) Апарыңдар бағанға, соғыңдар он дүре!

      Халық шуласып кетеді. «Аясаңдаршы, қаршадай баланы қалай сабайсыңдар!» «Мүлдем сәби әлі, қалай ғана қолдарың көтеріледі?!» деп жатыр.

      Ғабдуррахман. Тынышталыңдар! Бұл не шу? Он дүреден ешкім өлмейді. Қайта жақсы сабақ болады. Өзіне де, басқа қыз балаларға да. Жандарың ашыса бұрын қайда болдыңдар? Неге жалаңаш жүргізіп қойдыңдар балаларыңды? Осылардың барлығы сендердің алдарыңда жүрмеп пе еді! Жалаңаштанып, күнәға белуарынан батып жүргенде аямадыңдар, ал енді әділ жаза аларында аяп қалыпсыңдар. (көмекшілеріне) Неғып тұрсыңдар? Апарыңдар, байлаңдар бағанға.

      Қызметшілер қызды бағанға кісендейді де, СКАЧАТЬ