Дерт. Бақыт Мәдімкызы
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Дерт - Бақыт Мәдімкызы страница 7

Название: Дерт

Автор: Бақыт Мәдімкызы

Издательство: Издательские решения

Жанр: Здоровье

Серия:

isbn: 9785449026699

isbn:

СКАЧАТЬ «өз жеріме, өз еліме жететін жер жоқ екен» деп ойлаған болар. Міне, қысқаша өз естігендерімді айтып өттім.

      Енді, көп алға жылжып, Телжан аға жетпіске толғандағы мерей тойында Бақыт тәте ол бажтайына, құттықтау сөздерін былай деп жеткізген еді:

      70 жыл – мерей тойың құтты болсын,

      Ғұмырың дәулетті ұзақ болсын!

      Талай жыл жүріп сен Африкада,

      Ғұмырлық жарыңмен сен табыстың.

      Емдедің басқаны, қараларды,

      Тудырдың егізден балаларды.

      Аталды Жүніс боп біріншісі,

      Телжан боп аталды екіншісі.

      Жарыңмен шыққанда демалысқа,

      Әлемді аралап, бар алысқа.

      Долларын АҚШ-тың шашу етіп,

      Елге кеп ұстаттың қолымызға.

      Мәселе пұлда емес, сенші маған,

      «Қайда жүрсең аман бол!» дедік саған.

      Гүлнәрмен қызығын бала-шаға,

      Көріңдер, шат өмір сыйлап оған!

      Бақыт тәтенің қызы Қарлығаш Алматыда, АГРО университетінің студенті. Ал бес жасынан қолында өскен Раушан қызы тұрмыста, бала-шағасымен Жансүгір ауылында ел қатарлы тұрып жатыр. Міне, Бақыт тәтенің әулеті туралы қысқаша айтып өттім.

      Сонымен, Бақыт тәтенің денсаулығы күннен күнге түзелер емес. Бойын әлсіздік билеп, жата бергісі келеді және ешкімнің мазасын алғанын қаламайды. Бірде, осылайша жатқанда

      үйге кенже інісі Сәбит келеді. Үйде, қысқы демалысына келген Қарлығаш пен Сергей інісінің Динара деген қызы бар еді. Інісінің келгенін байқаған тәте:

      – Сәбит, ас үйде бір қап картоп тұр, соның жартысын салып ал да қыздарды да ала кет.

      Лесхозға апарасың ба, Талдықорғанға апарасың ба, өзің біл, – дейді де жата береді. Ол кісі осылайша жатып, есін бірде білсе, бірде білмейтін жағдайға жетеді.

      Үйдегілермен осы қалада тұратын туыстары не болғанын түсінбей дел-сал болады. Төсекте жатқан тәтенің өзі де «маған не болған? Еш жерім ауырмайды, бірақ бүкіл денемді әлсіздік билеп алды. Аяқтарым жүргісі келмейді, шай құйған кесемді екі қолыммен көтеремін,» деп кеииді. Ол кісі тізесінен төмен қарай ісініп тұрғанын байқайды. Осы кезде есіне – ісікті жылқының іш майы тартады, – деген үлкендердің айтқандары түседі. Ол кісі базардан жылқының іш майын алғызып тізесіне тартады. Бірақ бұл әрекетінен ештеме шықпайды.

      Науырыз айының 27 күні анасының қайтыс болған күні. Осыған орай туған-туыстарды, көрші-көлеңді шақырып құдайы тамақ берілетін болды. Алматыдан Аймен әпкесі, жездесі Еркін бала-шағасымен келді. Сондай-ақ, ауылдағы туыстар, құда-құдағилар, көрші-көлеңнің бәрі жиналып Сәбиттің үйінде құдайы тамақ берілді. Бақыт тәте болса осы үйдің жатын бөлмесінде жатыр, өйткені дастархан басына отырар шамасы да болмай қалған еді.

      Сонымен, келесі күні Бақыт тәтені СКАЧАТЬ