Дерт. Бақыт Мәдімкызы
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Дерт - Бақыт Мәдімкызы страница 6

Название: Дерт

Автор: Бақыт Мәдімкызы

Издательство: Издательские решения

Жанр: Здоровье

Серия:

isbn: 9785449026699

isbn:

СКАЧАТЬ style="font-size:15px;">      – Бол тез, ана билеттерді біреулер алып кетеді, ақша бер! – деп, Айман күйеуінің айтқан жаңағы сөздеріне мән берген жоқ. Ол ақшаны ала салып кассаға қарай жүгіріп кетеді. Әйел заты ер адамдарға қарағанда пысықтау келеді ғой деп ойлаймын.

      Ал, Гүлнәрға келетін болсақ, оның билеті қолында, жаңағы теледидардан көргендерін ойлап, «мен осы қайда бара жатырмын? Бауырым болса қайтыс болып кетті, Рүстем баламды мектебінен шығарып алып ауылға жібердім, баратын жерімнің жағдайы болса мынау, не істесем екен? Бармай-ақ қойсам қайтеді?» деп екі ойлы болып тұрғанда Африкаға баратын әріптестерінің біреуі, «ты о чем думаешь, Телжан тебе выслал билет на самолет, он ждет тебя, ни о чем не думай, все будет хорошо, поехали?!» деп, Гүлнәрді жігерлендіріп жібереді.

      Сонымен, көп ойланып жатпай, Гүлнәр алған бағытына, өзінің алға қойған мақсатына жету үшін ұшаққа отырып, ұшып да кетеді. Бужумбури-Бурундиға ұшып келген соң, сол жақтағы Телжан мен әріптестері қарсы алып, шамамен айтқанда екі ай бойы Гүлнәрдің жағдайын жасайды. Өйткені бұл жақтың ауа райына, уақыт айырмашылығына бойы үйренгенше де уақыт керек қой, былайша айтқанда адаптациядан өтуі қажет (адаптация – адам ағзасының қоршаған ортаға бейімделуі). Гүлнәр қалалық госпитальда (Лор), ал Телжан әскери госпитальда (Нейрохирург) өз міндеттерін атқарып, қызу жұмысқа кіріседі. Тып-тыныш жатқан бейбіт елден барған бұларға бір-бірін қырып жатқан елді, қантөгісті көру оңай тиген жоқ. Әсіресе жаңа барған Гүлнәрға қиын болды, ал Телжан болса 1986 жылдан бастап осы елде қызметін атқарып келеді, дегенмен де оның еті үйреніп қалған ғой және де бойында батылдық жігері бар ер азамат ештемеден қорқпайды ғой. Телжанның өзі ұстанған мынандай қағидасы бар: «ажал келсе тып-тыныш отырып-ақ, қайда болсам да өліп қаламын, ажал келмесе соғыста жүрсем де өлмеймін» дейтін еді. Негізінде Телжанды – сегіз қырлы, бір сырлы жігіт» – десек қателеспейміз.

      Бірде, қалалық госпитальға соғысып жүргендер кіріп кетіп, Калашниковтың автоматымен жан-жаққа оқтарын жаудырта бастаған екен. Мұндай сұмдықты көрмеген Гүлнәр оқшау орналасқан бұрышқа отыра қалады. Не істерін білмей, зөресі ұшып, қорқып отырған жерінен Телжан тауып, алып шыққан екен. Мұндай-мұндай жағдайлар көп болған ғой, бірақ олар бәрін айта бермейді. Кейін өздері бастарынан өткен шытырман оқиғаларын жазып, кітап шығаратын шығар деп ойлаймын, өйткені олар жазатын тақырып жетіп артылады.

      Гүлнәр екі жылдан кейін еңбек демалысына шығып ауылға келеді. Гүлнәрдің ауылға келгенін естіген Бақыт тәте қызы Қарлығашқа:

      – «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыс жастағы қария барып сәлем береді» деген ата-бабмыздан қалған жақсы сөз бар. Гүлнәр көкең демалысын алып келіпті, барып амандасып келейік, хал-жағдайын білейік, – дейді.

      – Жақсы болды ғой, көкеммен амандасып келейік! Как у нее дела, какая стала? – деп Қарлығаш қуанып кетеді.

      – Көкең Африкадан кап-қара СКАЧАТЬ