Дерт. Бақыт Мәдімкызы
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Дерт - Бақыт Мәдімкызы страница 9

Название: Дерт

Автор: Бақыт Мәдімкызы

Издательство: Издательские решения

Жанр: Здоровье

Серия:

isbn: 9785449026699

isbn:

СКАЧАТЬ қайтарамын.

      – Жарайды, тиіспеңіз ол кісіге. Диагноз қойылды, қандай ем қабылдайтыны туралы белгіленіп жазылды. Талдықорғанда да дәрігерлер бар, емін сол жақтан алса да болады. Біреулеріңіз менімен жүріп ол кісінің құжаттарын алыңыздар, – деді, мұнда келген дәрігер.

      Сонымен, тәтенің құжаттарын алып, бұл кісілер жолға шықты. Үйіне қалай жеткені тәтенің есінде жоқ, тек есінде қалғаны, бесінші қабаттағы пәтерінің есігін Динараның ашқаны.

      – Динара, мен ауруханадан қашып кеттім, – деді де Бақыт тәте сырт киімін шешініп, төсегіне барып жатты. Осыдан кейін тағы не болғаны есінде жоқ.

      Біраз уақыт өткеннен кейін, тәтенің Аймен әпкесі ортаншы ұлы Серікпен бірге Алматыдан келді. Қалалық емханаға барып учаскелік терапевке кіріп, Алматыдағы дәрігерлердің, науқас туралы шығарған қортындысын көрсетіп кеңес сұрады.

      – Сіздер алдымен жүйке ауыруларын зерттейтін дәрігерге барғандарыңыз дұрыс болар. Ол кісі қазір өзінде, кабинеті төртінші қабатта, – дейді терапевт.

      – Төртінші қабатқа ақырындап өзім көтерілемін, – деп, Бақыт тәте қос қолдап, баспалдақтың қанатынан ұстады.

      – Пока вы таким образом будете подниматься целый час пройдет. Давайте, я вас возьму на руки и быстренько поднимемся на четвертый этаж, – деді де Серік тәтесін көтеріп алып төртінші қабатқа шықты.

      Дәрігер – жүзі жылы, ұзын бойлы, орта жастағы адам екен. Ол кісі тәтенің қолындағы қағаздарын алып оқыды да өзінің кәсіби тексерісіне кірісті. Одан кейін алдындағы науқасқа қарап:

      – Где у вас болит? – деп сұрайды.

      – У меня нигде не болит, у меня слабость во всем теле. Мне даже трудно поднять свою сумочку, ноги плохо слушаются. Сейчас меня на четвертый этаж на руках принесли. И память плохая. Я временами ничего не помню. – деді Бақыт тәте дәрігерге қарап.

      – Зачем, надо было меня вызвать, и я пришел бы к вам, – деді де өзінің шығарған қортындысын жазып, тәтемен бірге дәлізге шықты.

      Дәлізде Аймен әпкесі мен Серік тұр еді.

      – Здраствуйте, вы привели пациентку!?

      – Да, добрый день. Что скажете по поводу моей сестры? – деп сұрады әпкесі қобалжып.

      – Не переживайте, ей надо серьезно лечиться. Если сказать по моей части, то у нее нарушено координация движения и атеросклероз. Это все последствия ее основной болезни.

      Я все здесь написал. Ей нужно амбулаторное лечение, – деп, дәрігер Бақыт тәтенің емдік құжаттарын Аймен тәтенің қолына берді.

      – Хорошо, спасибо вам большое, – деп, Серік Бақыт тәтені көтеріп алды да төменге түсті.

      Кешке жақын үйге Берік аға мен Алма тәте келді. Шай үстінде Бақыт тәтенің жағдайын сөйлесті.

      – Мына қиын-қыстаң заманда ауыруханаларда сонша жағдай жоқ. Аймен, ертең екеуміз қалалық ауырухананың бас дәрігеріне барайық. Мен ол кісіні жақсы танимын, – деді Алма тәте.

      Конец ознакомительного фрагмента.

      Текст СКАЧАТЬ