Дерт. Бақыт Мәдімкызы
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Дерт - Бақыт Мәдімкызы страница 4

Название: Дерт

Автор: Бақыт Мәдімкызы

Издательство: Издательские решения

Жанр: Здоровье

Серия:

isbn: 9785449026699

isbn:

СКАЧАТЬ халық әндерінен және өз жанынан шығарған әндерін енгізді. Және бұл оқу құралы Құрманғазы атындағы консерваторияның ғылыми кеңесінің талқысынан өтіп, баспадан шығып жарық көрді. Бұл еңбек балалар музыка мектебінің, музыкалық колледждың, педагогикалық институтының музыка факультетінің және консерваторияның қазақ топтарында оқитын балаларға оқу құралы ретінде ұсынылды. Осы «Музыка сауатының негізі» – мен бірге Балалар музыка мектебінің 1 – 2 сыныптарының қазақ топтарында оқитын оқушыларға арналған «Сольфеджио» оқу құралы да жарық көрді. Мұнда, ол кісі қазақтың композиторларының шығармаларын, қазақтың халық әндерін және әлем музыкасын тиімді қолданана білді. Сонымен бірге, С. Елеманованың «Қазақ музыка әдебиеті» – нің бірінші бөлімі мен Ұ. Жұмақова және А. Кетегенованың «Қазақ музыка әдебиеті» – нің екінші бөлімін, сондай-ақ, оқу бағдарламасының талабына сай И. Дубовский бастаған бірнеше ғалымдардың «Гармония» атты оқулығын қазақ тіліне аудара бастаған еді. Өйткені, осы пәндерден дәріс беру үшін өтетін тақырыптарды орыс тілінен қазақ тіліне аударып, қарапайым жатық тілде оқушыларға түсіндіру қажет.

      Сонымен, уақыт өтіп жатты, Бақыт тәтенің денсаулығы түзелер емес. Ел ішінде мынандай сөз бар «еврей халқы – аурамын-ау – деп дәрігерге барады екен, орыс халқы, жөтеліп қалса дәрігерге қаралады екен, ал біз, яғни қазақ халқы ұшып-жығылғанда ғана өліп-талып дәрігердің алдына барады екенбіз». Бұл әрине, бекер айтылмаған. Келе-келе Бақыт тәтеміз дәріс беріп отырып орнынан әзер тұратын жағдайға жетті. Бұл кезең 1997 жылдың

      күз мерзімінің соңғы айы еді. Оқушы балаларға қарап, апайларына деген аяушылық сезімін көздерінен байқағандай болады. Оқушыларын орта жолда тастап кеткісі келмесе де, амал жоқ. «Қой, осылай жүргенім болмас, қалалық емханадағы учаскелік дәрігерге барып қаралмасам болмас,» деп бір шешімге келеді де «Халық аспаптар бөлімінің» меңгерушісін хабардар етіп қояды.

      Қалалық емханаға барып қан мен несептің жалпы сараптамасын жасатады да учаскелік дәрігеріне келеді.

      – Мына сараптамадан сіздің жағдайыңызды сонша түсініп тұрғаным жоқ. Тағы сараптама тапсырыңыз, – дейді дәрігер.

      Осылайша, дәрігер Бақыт тәтені сараптама тапсыруға бірнеше рет жібереді, бірақ айтарлықтай ештеме айта алмайды. Бұл кісінің денесінде, бет әлпетінде қызылала дақтар пайда болып, қол-аяғы ісіне бастайды. Жүргенде де, бір түрлі теңселіп жүргендей болып көрінеді. Дәрігеріне тағы бір келгенінде:

      – Неғып теңселіп келе жатырсыз? – деп, аяқтарын әзер басып келе жатқан науқасқа күмәндана қарайды.

      – Неге олай дейсіз? Мені мас деп тұрсыз ба? Мен мүлдем ішімдік ішпеймін, – деп Бақыт тәте дәрігерге қарап, ашу шақырғандай сыңай танытады.

      – Жоқ, көңіліңізге алмаңыз. Қазір халіңіз қалай? – деп дәрігер өзінің байқамай айтып қалғанын жуып-шайғандай болды.

      – Бүгін кешегіден жақсымын, рахмет, – деді тәте, жағдайы күннен күнге нашарлай бастаса да.

      Сонымен, СКАЧАТЬ