Дерт. Бақыт Мәдімкызы
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Дерт - Бақыт Мәдімкызы страница 3

Название: Дерт

Автор: Бақыт Мәдімкызы

Издательство: Издательские решения

Жанр: Здоровье

Серия:

isbn: 9785449026699

isbn:

СКАЧАТЬ «ақша төлемесең ота жасамаймыз» деп, көмек көрсетпей жатқызып қоятын жағдайларды да естідік. Бұл деген сұмдық емес пе? Дәрігер Гиппократтың антын беріп тұрып, осындай іс-әрекетке баруға болмайды ғой. Мұндай дәрігерді дәрігер деп санауға бола ма? Әрине, жоқ. Дәрігер деген алдына келген өзінің қас жауынан бас тартпай емдеуі міндетті. Ал білім жағына келетін болсақ, көңілге қонбайтын жағдайлар жетіп артылады. Мысалы, тест тапсырып жоғары бал алғандар грантқа ілініп пұл-ақысыз оқиды. Ал грантқа ілінбегендер, әрине әке-шешесінің тапқан-таянғандарын төлеп оқиды. Мұнда, оқушы балаларды екі топқа бөлүге болады. Адал, ой-өрісі кең балалар оқуларын жақсы оқып, ата-аналарының еңбектерін ақтайды. Ал кей балалар оқу оқымай, көше қыдырып, эмтихан кезінде зачет кітапшаларының арасына екі мың, бес мыңды салып тиісті бағаларын алып, курстан курсқа өтіп отырады. Өкінішке орай мұндай жағдайлар кездесіп тұрады. Осының нәтижесінде мынындай ой туады, – мұндай оқушылардан қандай маман шығады? Және, пұл-ақылы оқу мұғалімді де, дәрігерді де өздерінің тікелей міндеттерінен айырды ма деп қорқамын. Келешекте бұл жағдайдың бәрі өз арнасына түседі деп үміттенемін.

      Қымбатты оқырманым, ғафу өтінемін, ойым бөлініп кеткен тәрізді. Сонымен, Бақыт тәте өзін соншалықты жақсы сезінбесе де Музыкалық колледжде дәріс беріп жүре берді. Оқу жылының басына қарай мектеп мұғалімдері медициналық сараптамадан өтеді. Ал тәтеміз №3 мектеп интернатта да музыкадан дәріс беретін еді. Бұл мектепте қазақтың дарынды балалары үшін музыка бөлімі мен бейнелеу бөлімі ашылған. Музыка бөлімінде фортепиано, домбыра, қобыз, бас қобыз, прима, сырнай класстары жұмыс істейді. Бақыт тәте мұнда теориялық пәндерінен дәріс береді. Осы қазақ мектебіне ең алғаш келгенінде ол кісі балаларға былай деген еді:

      – Балалар, мен орыс мектебін бітіріп, училищеде де, институтта да орыс тілінде оқыдым.

      Кейін жұмыс істегенде де орыс ұжымында қызмет атқардым. Сондықтан, дәріс беріп тұрып бір жерлерінде қателік жіберетін болсам сендер күлмеңдер, керісінше, мені түзетіп отырыңдар.

      Оқушы балалар апайларының бұл ұсынысын түсіністікпен, үндемей қабылдады.

      Сонымен, сараптаманы тапсырғаннан кейін дәрігер бұл кісіге «сіз тубдиспансерге барып рентгенге түсуіңіз керек, өйткені мына флюрографияңыз түсініксіздеу болып тұр» дейді. Жарайды деп, Бақыт тәте тубдиспансерден медициналық тексерістен өтеді.

      – Сізге суық тиіп, тымауратып ауырдыңыз ба? – деп дәрігер әйел сұрады.

      – Ия, ауырдым. 94 жылдан бастап орман шаруашылығының орталық қазаны тұрғын үйлерге жылу беруді қойды. Ал біз сол шаруашылықтың үйінде тұрамыз. Үйге біресе Құрмет қайным келіп, біресе Сәбит інім келіп пеш салып, он тоннадан көмір жақсақ та үйіміз бір жылынбады. Сонымен, екі қысты тастай суық үйде өткіздік. Содан денсаулығыма зиян тиген шығар, – деп, Бақыт тәте дәрігерге жағдайын айтты.

      – Қазір де сол үйде тұрасыздар ма? – дәрігер ол кісіге таңырқана қарады.

СКАЧАТЬ