Жалпы гидробиология. Б. Минсаринова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Жалпы гидробиология - Б. Минсаринова страница 16

Название: Жалпы гидробиология

Автор: Б. Минсаринова

Издательство: КазНУ

Жанр: Учебная литература

Серия:

isbn: 978-601-04-2166-0

isbn:

СКАЧАТЬ дивергенция ауданы қалыптасады. Конвергенция антициклондық айналымдардың орталық бөлімдеріндегі сутүбі рельефінің биік жерлерінде, желдің әсерінен су деңгейінің көтерілетін және судың төмен түсетін аймақтарына – даунвеллингке сай келетін дрейфтік ағыстар аймақтарында орналасса, ал дивергенция циклондық айналымдардың орталық бөлімдеріндегі сутүбі рельефінің сайлы жерлерінде, желдің әсерінен су деңгейінің көтерілетін аймақтарына – апвеллингке – сай келетін ағыстар аймақтарында орналасады.

      Бұл жерлерде жағалау маңының жылыған беттік су қабатын пассат ашық мұхитқа қарай ығыстырады. Жағалаудағы су деңгейі төмендейді, сондықтан да тереңдегі су қабаты жоғары көтеріледі. Тереңнен көтерілген су, әрине, жоғары қабатқа қарағанда салқынырақ болады. Нәтижесінде тұрақты жел тұрып тұратын жағалауларға орналасқан ендіктерде сулар салыстырмалы түрде салқын болып келеді.

      Мұхиттың гидродинамикасында, негізінде, желмен және судың көтерілуі күштерінің әрекетімен пайда болатын толқындардың маңызы зор болады және осыған орай су деңгейінің көтерілуін жарты тәуліктік, тәуліктік және аралас деп ажыратады.

      Бірінші жағдай Күн, Жер, Айдың орналасу бұрышы 90 °C болғанда мұхит айдынында жарты тәуліктік судың көтерілуі байқалады. Екінші жағдайда толқын екпінімен су алға (толық су) және артқа (кіші су) қарай шегінеді, әрбір 24 сағат 50 минутта қайтадан қайталанады. Жер, Ай, Күн бір түзудің бойында орналасқанда судың жоғары көтерілуі байқалады. Олардың мөлшері жағалаудың түріне байланысты бірнеше сантиметрден 18,5 мге дейін жетеді.

      Гидробионттардың түрлік алуандылығына, таралуына және сандық өсуіне Әлемдік мұхиттың беттік суының температурасының алатын орны өте зор және ол суқоймаларының орналасуының географиялық жағдайына, жыл маусымына, су ағысының сипатына және басқа да факторларға тәуелді.

      Әлемдік мұхиттың беттік суының әртүрлі жылынуына байланысты 400-500 м тереңдікке дейін 5 температуралық белдеуді (зонаны) ажыратады: тропикалық, одан солтүстікке қарай орналасқан бореалдық, оңтүстікке қарай ноталдық және екі полярмаңы – арктикалық және антарктикалық.

      Тропикалық аймақ 40° солтүстік және 40° оңтүстік ендікте орналасқан. Бұл зонада температура 26-27ºС-қа көтеріліп, 13-14ºС – қа төмендейді. Температураның маусымдық өзгерісі 3-4 °C-тан аспайды. Бореалды зонаның солтүстік шекарасы 60° солтүстік ендікте жатады, ол жазда судың беткі қабатында мұздардың болуымен анықталады. Температуралық ауытқу 8-12 °C. Ноталдық зонаның оңтүстік шекарасы 50-60° оңтүстік ендікте өтеді. Орташа температура бұл жерде 7-8 °C. Арктикалық, антарктикалық аймақтарда судың температурасы жыл бойы 0 °C жақын, маусымдық өзгеріс 2-3 °C-тан аспайды.

      Бұл тербелістер судың беткі қабатынан төмендеген сайын бірте-бірте азая береді және 300-400 м тереңдікте мүлдем жойылады. Тереңде теңіз суының температурасы жыл бойы тұрақты және -1,7º-тан -2ºС-қа дейін ауытқиды.

      Жарық. Мұхиттық судың жарықтылығы СКАЧАТЬ