Жалпы гидробиология. Б. Минсаринова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Жалпы гидробиология - Б. Минсаринова страница 12

Название: Жалпы гидробиология

Автор: Б. Минсаринова

Издательство: КазНУ

Жанр: Учебная литература

Серия:

isbn: 978-601-04-2166-0

isbn:

СКАЧАТЬ құрлықтағы сияқты маңызды емес. Екінші жағынан, алыстан көрмеушілік гидробионттар қоректенетін ұсақ организмдерді тану үшін пайдалы. Аз жарықтану гидробионттардың өте әлсіз жарықтанған заттарды ажырату қабілеттілігіне негізделген. Терең су балықтары, телескопиялық көздері бар, әлсіз жарықтарды сезеді. Ал 6 км-ден астам тереңдікте көретін жануарлар болмауы да мүмкін. Кейбір су жануарлары поляризацияланған жарықты ажыратады және поляризацияның жазықтығына сәйкес өзінің қозғалысын бағыттайды.

      Судағы жарық жағдайлары. Судың беткі қабатына түсетін жарық одан аздап шағылып, тереңдікке өтеді, су молекулаларымен, сондай-ақ онда болатын бөлшектермен сіңіріледі және таралады. Егер де судың беткі қабатының тегістігі бұзылса (толқындану), онда түсетін радиацияның шағылысу деңгейі бірден өседі. Тұнықтығы 1-2м болатын көлдер мен бөгендерде барлық түсетін радиацияның 5-10 % энергиясы 1 м тереңдікке өтеді, ал 2 м тереңдікте одан тек қана пайыздың ондаған үлесі ғана қалады. Тұнықтығы 10-20 м болатын таза көлдер мен теңіздерде күн сәулесі тереңге өтеді және әдетте беткі қабаттан 10 м тереңдікте 0,20-0,4 Дж/см2 мин, 20 м – 0,04-0,08 және 30 м – 0,002-0,004 Дж/см2 мин-қа тең болады.

      Тереңдікке жылжыған сайын күн сәулесінің біртіндеп өшуіне сәйкес суқоймаларда үш зона (аймақ) ажыратылады. Өсімдіктердің фотосинтезін қамтамасыз етуге қажетті жарық жеткілікті беткі зона эвфотикалық деп аталады, ары қарай қараңғы немесе дисфотикалық және одан да тереңірек – афотикалық зона (аймақ) орналасқан, мұнда күн жарығы мүлдем өтпейді. Көптеген организмдердің биолюминесценцияға қабілеттілігі теңіздерде ерекше жарықтану құбылысын тудырады. 30-меридианада зерттелген солтүстік нүктеден 50° с. е. – 20° с.е. дейін жарқырау анық байқалады. Оңтүстікте жарқырау бірден әлсірейді, ал теңіздің экваториалды сулары мүлдем жарқырамайды. Қайтадан жарқырау 8°-н оңтүстікке қарай басталады, бірақ с.е. 20°-на дейін жарқырау әлсіз күйде қалады. Бұл теңіздің жарқырау қарқындылығының экваторға қатысты симметриялылығына байланысты болуынан да мүмкін.

      Дыбыс, электрлік және магнетизм әсерлері. Жоғарыда қарастырылған факторлардан айырмашылығы дыбыс, электрлік және магнетизм гидробионттардың тіршілігінде, негізінен, сигналдық қызмет атқарады. Су жануарларында дыбысты қабылдау құрлықтағылармен салыстырғанда жақсы дамыған. Егер жарық суда ауаға қарағанда жылдам өшсе, ал дыбыс, керісінше, суда ұзағырақ тарайды. Кейбір гидробионттар инфрадыбыстың өзін қабылдауы мүмкін, осының арқасында судың ауамен жанасқанда пайда болған толқынның өзін «ести» алады.

      Электр және магнит өрісінің гидробионттар тіршілігінде маңызы өте зор. Жердің геомагнитті өрісінде температура, тұздылық, оттектің мөлшері бойынша гидробионттардың өзі де электр өрісін тудырады. Дөңгелекауыздылар мен балықтарға жүргізілген зерттеулер олардың электрорецепторларының өте сезімталдыққа ие екендігін көрсетті, олар тіпті 10-7-10-8 В/см дейінгі электр өрісінің кернеуін қабылдайды.

      Электрорецепторлардың осындай СКАЧАТЬ