Жалпы гидробиология. Б. Минсаринова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Жалпы гидробиология - Б. Минсаринова страница 14

Название: Жалпы гидробиология

Автор: Б. Минсаринова

Издательство: КазНУ

Жанр: Учебная литература

Серия:

isbn: 978-601-04-2166-0

isbn:

СКАЧАТЬ 3711 м, ең терең жері 11022 м (Мариан шұңғымасы). Теңіздер – құрлыққа қатысты орналасуына қарай ішкі (құрлық іші не материктік, мысалы, Қара, Қызыл, Каспий, Арал) және шеткі (мұхитпен байланысқан, мысалы, Баренц, Карск және т.т.) деп бөлінеді. Ішкі теңіздердің мұхиттармен байланыстары (тар бұғаздар болуы себепті) өте нашар. Сондықтан да олардың гидрологиялық режимі мұхиттың іргелес аудандарының гидрологиялық режимінен біршама ерекшеленеді. Ішкі теңіздер материктік теңіздер мен материктер арасында (мысалы, Жерорта теңізі), ал құрлықішілік теңіздер бір құрлықтың ішінде орналасады (мысалы, Ақ теңіз). Шеткі теңіздер мұхиттардан аралдар арқылы бөлінеді немесе құрлыққа сұғына кіріп орналасады және мұхитпен еркін байланыста болады, гидрологиялық режимі мұхиттың іргелес аудандарының гидрологиялық режимдеріне көп ұқсастығы бар (мысалы, Баренц теңізі).

      Әлемдік мұхиттың вертикалды және горизонталды экологиялық аймақшалары теңіз түбі – бенталдың күрделі табиғи құрылысымен және пелагиалдың гидро-физикалық ерекшеліктерімен сипатталады. Әлемдік мұхиттың шеткі бөлімі – континенталды шельф – құрлық 200 м тереңдікке бірте-бірте төмендейді. Шельф түбінен ары қарай сутүбі 3000 мге дейін күрт төмендеп континенталды беткейді түзейді, ол материктік етекпен аяқталады. Ары қарай 6000 мге тереңдеп мұхит түбіне айналады. Мұхит түбі түрлі мұхиттық жоталармен, түптік биіктермен және тау тізбектерімен жекелеген қазан шұңқырларға бөлінеді. Мұхиттің ең терең бөлімдерін өте терең шұңғымалар алып жатады. Бірыңғай тау жүйесін ортаңғы мұхит жоталары құрайды, олардың орташа биіктігі шамамен 1500 м-дей болады.

      Әрбір мұхитта мердиандық бағытта орналасқан суасты тау жоталары кездеседі. Бұл тау жоталарының оңтүстік ұштары Антарктида мен Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия материктерінің арасында ендік бағытта орналасқан суасты тау жоталарымен жалғасады, сондықтан оны мұхит ортасы тау жоталарының жүйесі деп атайды. Әлемдік мұхиттың түбінде ең айқын көрініске ие тау жотасы – орталық Атлант жотасы, ол бұл мұхитты теңдей батыс және шығыс бөлімдеріне бөледі.

      Мұхиттың шельф үстінде жатқан аймағы барлық акваторияның шамамен 7,6 %, континенттік беткейі – 15,3 % және табаны – 77,1 % бөліктерін құрайды. Шельф аймағында бенталь 3 аймаққа бөлінеді. Су көтерілу деңгейінен жоғары орналасқан бөлім – супралитораль (supra – жоғары, litus – жаға) – жайылатын және шашырайтын сумен дымқылданатын аймақ. Супралиторалдан төмен литораль (су көтерілу аймағы) жатады (1-сурет).

      Бұл жағалау суының көтерілуі нәтижесінде оқтын-оқтын судың астында қалады, ал судың төмендеуінен судан босатылады. Одан төмен сублитораль жатады – бұл аймақ бентоста фотосинтездейтін өсімдіктердің таралуының төменгі шекарасына дейін созылады.

      Материктік беткейді батиаль (bathus – терең), мұхит табанын абиссаль – (abyssos – түпсіз), бұдан 6-7 км тереңдікте ультраабисаль орналасады.

      Теңіздің су қабатын вертикаль және горизонталь бойынша жеке аймақтарға бөлу қабылданған. Мұхиттың жоғарғы су қабатының 200 м (сублиторалдың төменгі шекарасы) тереңдікке дейінгі қабатын эпипелагиаль, одан терең СКАЧАТЬ