Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару. Өтеғали Шеденов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару - Өтеғали Шеденов страница 20

СКАЧАТЬ style="font-size:15px;">      Нақты өмір шындығындағы экономикалық және әлеуметтік жағдай аймақтардың қаржылық тұрғыдан қамтамасыз етілу мүмкіндіктері мен оған қажеттіліктері бойынша, өмір құндылығының деңгейі бойынша, жан басына шаққандағы мемлекеттік және жергілікті қызмет көрсетудің бюджеттік шығын деңгейі бойынша олардың арасындағы елеулі айырмашылықтар туралы мағлұмат береді. Бюджет шығыны есебінен мемлекеттік және жергілікті қызмет көрсетудің ең аз шамадағы мөлшері халықты білім беру, денсаулық сақтау, өрттен қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау және т.б. бойынша бірыңғай қызметтердің жиынымен қамтамасыз етуді ұйғарады. Аймақтық саясат көбінесе аймақ шаруашылығын өндірістік тұрғыдан мамандандырудың аймақтық еңбек бөлінісінің жүйелеріне байланысты және индустриясын әртараптандыруда дамыған аудандардың шаруашылық құрылымдарын түрлендіруге қаржы жұмсау, өнімдеріне отандық экономика мүдделілік танытқан өндірісті дамытуға әлсіз дамыған аудандарда кәсіпорындар құрып, олардың жұмысын жандандыруға отандық және шетелдік инвесторлардың қаржылық ресурстарын тарту үшін қолайлы жағдайлар тудыру. Әртүрлі аудандардағы кәсіпкерлік қызметтердің жағдайларын теңестіретін табиғи өнімдерінің бағасын мемлекеттік тұрғыдан реттелуін қамтамасыз ету секілді әдістермен жүзеге асырылады. Аймақтың дамуына ықпал етудің ұйымдастырушылық мемлекеттік тәсілдері ең алдымен құрылымдық қайта құруға, импорт сыйымдылығы бар әрі экспортқа бағдарланған өнімдерді арттыру мақсатында кәсіпорындарды жаңартылуға бағдарлануы керек. Әр облыстарда аймақтық саясатты жүзеге асыру барысында қолданылатын әртүрлі экономикалық тұтқалар мен ынталандыруларды халыққа көрсетілетін әлеуметтік қызметтерді, экологиялық, табиғи ресурстық құбылыстарды, қаржылық-экономикалық жағдайларды және т.б. ескеру арқылы түрлендіруге болады.

      Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік мәселесін елдің аймақтарында жүзеге асыруы үшін алдымен, оның аймақтарының қандай әлеуметтік-экономикалық даму жағдайында екендігін қарау керек. Себебі, аймақтардың арасындағы әлеуметтік-экономикалық даму бойынша алшақтық біртұтас әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік бойынша саясат жүргізуге өз ықпалын тигізері сөзсіз.

      Академік Л. Абалкиннің ұсынысын қолдана отырып, аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздіктің ішкі құрылымын негізінен үш блокқа бөлуге болатынын көруге болады:

      1) Ұйымдастырушылықтағы әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік – аймақтың орталыққа экономикалық – саяси тұрғыдан тәуелді болуын сипаттайтын жағдай. Егер аймақ орталыққа тәуелсіз болса, онда ол өзінің өндірістік деңгейін, өнім сапасын және оның тиімділігін арттыра отырып, бәсекеге қабілетті аймақ болуға тырысады. Оған қоса, аймақаралық және халықаралық сауда байланыстары нығаяды.

      2) Ұйымдастыруда аймақтық әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік ондағы жеке меншік формаларының қорғай алу мүмкіндігіне СКАЧАТЬ