Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару. Өтеғали Шеденов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару - Өтеғали Шеденов страница 16

СКАЧАТЬ тек мемлекеттің қаражатын санасақ, онда 2011 жылы Қытай бірінші орынға шығып, керек десеңіз Дүниежүзілік банктен озып кетті. Дүниежүзілік банк 100 млрд.доллар, Қытай үкіметі 116 млрд. АҚШ долларына тікелей инвестиция салған. Дағдарыс дендеді деген 2008-2009 жылдардың өзінде қытайлықтар АҚШтың көлік өнеркәсібінің, Африканың мұнай-кен орындарының және Қазақстанның мұнай-газ саласындағы компанияларының біразын сатып алды. Қазақстан болса, Румынияның Котреігоі компаниясын сатып алды. Бұл компанияға мыңдаған жанаржағармай станциялары мен мұнай өндіру зауыттары тиесілі. Сонымен бірге біздің компаниялар Грузиядағы Тбилгаз және Тбилтелеком компаниясын сатып алған, осылайша сыртқа тікелей инвестициялар құйылып жатыр десе де болады.

      Сыртқа инвестиция салу сол елдің өндірістерін бағынышты ету тәсілі. Тарих көрсеткендей, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ-та Маршалл жоспары қабылданып, миллиардтаған қаражатты соғыстан әлсіреп қалған Еуропаға инвестиция ретінде ақша салған. Содан бері, біразға дейін еуропалық мемлекеттер американдықтарға тәуелді болып келді. Егер Қазақстан әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз еткісі келсе, басқа да елдердің экономикасына тікелей инвестициялар салуы тиіс. Егер аталмыш көршілеріміз бізге толық емес экономикалық тәуелді болса, онда сол мемлекеттердің басшылары да Қазақстанға қатысты саясатын лояльді қылар еді.

      Қазір Ұлттық қорымызда және ұлттық резервте бірге санасақ, 90 млрд. АҚШ доллары жинақталған. Көрші мемлекеттердің экономикасын санамалай отырсақ, мысалы Қырғызстанның ЖІӨ-і 9 млрд. АҚШ долларында шамалап, біз 2-3 млрд.доллар тікелей инвестиция сала алсақ, онда біздің үкімет саяси-экономикалық пайдаға кенелер еді. Қырғызстандағы алтын кенінен басқа, Тәжікстанның ГЭС-теріне қаражат салса болады.

      Сонымен әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздіктің келесі аспектісі, ол ЖІӨ-нен қорғанысқа бөлінетін қаражат көлемі 5%дан төмен болмау керек. Алайда ол бізде 1 %-ды ғана құрайды. Қорғанысқа қаражат аз бөлінсе, мемлекетіміздің қорғанысына ғана қауіп емес, экономикамызға да нұқсан келеді. Себебі, заманауи технологиялардың біразы осы әскери-өндіріс саласынан пайда болған. Сонымен қатар, Батыс елдері мен Ресей қаружарақ сатудан қыруар пайдаға кенеліп жатыр, мәселен 2010 жылы ресейліктер 2,5 млрд. АҚШ долларына қару-жарақ сатты. Демек, өндірісті сақтай отырып, жұмысшыларға жаңа жұмыс орындарын ашып тың инновацияларға жол ашу мүмкіндігі пайда болып отыр. Сондықтан, біз ЖІӨ-нен 5 % қаражат бөлді десек, ЖІӨ-міздің қазір мөлшері 181 млрд. АҚШ доллары екенін ескере отыра есептесек, онда қорғаныс саласына 9 млрд. АҚШ доллары құйылады. Онда көптеген әскери салалар қайта ашылар еді, айталық әскери кеме жасау ісі (Каспийдегі жаңа кемелер түрі т.б.).

      Келесі өте маңызды аспект, ол ғылыми зерттеулерге қаражат бөлу. Теориялық тұрғыда экономикалық қауіпсіздікті сақтау үшін ЖІӨ-нен ғылыми зерттеулерге қаражат 2 %-дан төмен болмауы керек. Өйткені, одан төмен болса онда оның бәсекеге қабілеттілігінің ықтималдығы кемиді, соның нәтижесінде СКАЧАТЬ