Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару. Өтеғали Шеденов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару - Өтеғали Шеденов страница 17

СКАЧАТЬ отырып, зерттеуде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігі көрсеткіштерін анықтаудың кешендік әдісі қалыптастырылды, ол мемлекеттің тұрақты даму критерийлерін ескереді: тұрақты экономикалық өсу, әлеуметтік тұрақтылық, экологиялық тұрақтылық және т.б. Шекті мәндер ретінде негізге орташа республикалық мәндер алынады, олар әлемдік тәжірибе, мәндер, бекітілген нормативтік актілер, сарапшылар пікірлерін ескере отырып, толықтырылады. Тұрақты экономикалық өсуді сипаттайтын мемлекеттік деңгейдегі әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздіктің іріленген көрсеткіштерін 2-кестеден көруге болады (2-кесте).

      Мемлекеттегі аймақтардың әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік мәселесі де айырықша мәнге ие. Аймақ экономикасының барлық салаларының жұмыстарын жалпылайтын индикаторлардың бірі жан басына шаққандағы ЖАӨ болып табылады. Бұл өте маңызды көрсеткіш, өйткені ол аймақ тұрғындарының материалдық мүмкіндіктерін көрсетеді, ал берілген аймақ тұрғындарының төмен материалдық мүмкіндіктері түрлі экстремистік көңіл-күйлерді қолдауға ықпалын тигізеді және мемлекеттің берілген геосаяси бағыттағы мемлекеттік бүтіндігіне қатер төндіреді. Жан басына шаққандағы ЖАӨ орташа республикалық көрсеткіштен кем болмауы тиіс.

      Тиімді экономикалық өндірістің серпінді процесін сипаттайтын, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігінің ахуалының маңызды көрсеткіші ЖАӨ-ге пайызбен есептелген, негізгі капиталға инвестициялар көлемінің көрсеткіші болып табылады. Бұл көрсеткіштің шекті мәні әлемдік тәжірибемен айқындалған, ЖАӨ-нің 15-25 %-ынан басталатын мән болып табылады. Ауыл шаруашылығының физикалық көлемінің индексі (ФКИ) қатысты көрсеткіш болып табылады, ол ауыл шаруашылығында өндірілген өнім массасының өзгеруін сипаттайды. Берілген жағдайда шекті мән ретінде елдің, мемлекеттің дамуының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында бекітілген жоспарлық көрсеткіштер қабылдана алады. Осыған ұқсас әдіс өнеркәсіптің физикалық көлемі индексі қатысында да қолданыла алады.

      Бағалар деңгейі – мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік ахуалына ықпал ететін маңызды құрамдас болып табылады. Инфляцияның жоғарғы деңгейі тұрғындардың ақшалай табыстары мен жинақтарының құнсыздануына, өндірістің жалпы көлемінің төмендеуіне, мемлекеттердегі қолма-қол масса көлемінің ұлғаюына және т.б. әкеледі. Тұтыну бағалары индексінің шекті көрсеткіші желтоқсаннан өткен жылдың желтоқсанына дейінгі аралықта 106-110 % саналады.

      Өндірістік саланың қауіпсіздігі экономиканың негізгі қорларының қаншалықты рационалды қолданылатындығы және жаңартылып отырылатындығына көбінесе тәуелді болады, бұл жаһандану және бәсекелестік процестердің күшеюі шарттарында ерекше көкейкесті болады: негізгі қорларды дамыту және жаңартуға бағытталған салымдардың оптималды қатынасы экономикалық дамудың әр кезеңінде анағұрлым жауапкершілікті және әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағытты мәселесі, СКАЧАТЬ