Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару. Өтеғали Шеденов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару - Өтеғали Шеденов страница 22

СКАЧАТЬ сфера салаларының дамуындағы жағымсыз тенденциялардың сақталуы.

      Мемлекеттік және жергілікті аймақтар экономикасын басқару және ұйымдастыру тиімділігін қамтамасыз ету – аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік және нарықтық реттеу бойынша сәйкес механизмдерді қалыптастыру мен шаралардың тұтас кешенінің қабылдануында. Жергілікті аймақтық экономиканың ерекшелігін шешу үшін әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік билік органдарының да, жеке кәсіпорындар мен ұйымдардың да, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының да қатысуы талап етіледі. Осымен байланысты аймақ экономикасын басқару механизмін жетілдіруді өзара байланысты және бірін-бірі өзара толықтыратын үш бағытта жүргізу көзделеді:

      – біріншісі – макродеңгейде жергілікті аймақ экономикасын басқару және ұйымдастыру механизмдерін одан әрі жетілдіру;

      – екіншісі – мезодеңгейде тиімді жергілікті аймақтық менеджмент механизмін қалыптастыру;

      – үшіншісі – жергілікті өзін – өзі басқару және басқару ұйымдастыру әдістерін жетілдіру.

      Жергілікті аймақ экономикасын басқару мен ұйымдастыру механизмідерін бұлай шектеу әрине, өзін-өзі ақтайды. Өйткені, жергілікті аймақ экономикасын басқару және ұйымдастыру механизмдерінің негізінде барлық аумақтарға өмір сүру мен еңбек етудің әртараптандыруы жағдайларына жету үшін тең жаңартылуға мүмкіндіктер беру және әрі қарай олардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерін теңестіру жатса, ал жергілікті аймақтық менеджмент пен жергілікті өзін-өзі басқару мен ұйымдастыру механизмдері тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мен бүкіл халықтың тұрмыс жағдайын көтеру үшін жергілікті аймақтың ішкі әлеуетін және тартылған сыртқы ресурстарды барынша пайдалануға бағытталады.

      Нарықтық реформалардың жүргізілуі мен жергілікті аймақтар экономикасы арасындағы сараланудың күшеюі олардың біразы ғана өзінше экономикалық өсу мен дамуға қабілетті екендігін көрсетті, соған орай жергілікті аймақты басқару мен ұйымдастыру механизмдері мемлекеттің, жергілікті аймақтардың әр түрлі меншік субъектілері мен барлық халықтың мүдделерін ұштастыра отырып, барлық жергілікті аймақтардың проблемаларын шешуге бағытталуы тиіс.

      Сонымен, жергілікті аймақтар экономикасының дамуын басқару мен ұйымдастыру механизмдерінің негізгі міндетіне кіретіндер:

      – Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік, шаруашылық – құқықтық кеңістігінің тұтастығын сақтау;

      – Жергілікті аймақтардың әлеуметтік-экономикалық теңсіздігін қысқарту және біртіндеп жою;

      – Жергілікті аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын ғылыми техникалық прогресстің қазіргі талаптарына сәйкестендіру;

      – Барлық жергілікті аймақтарда табиғатты ұтымды пайдалану мен адамдардың өмір сүру ортасын сақтауды қамтамасыз ету;

      – Мемлекеттің унитарлық құрылымымен анықталған СКАЧАТЬ