Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару. Өтеғали Шеденов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару - Өтеғали Шеденов страница 21

СКАЧАТЬ style="font-size:15px;">      – Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мен индикаторлар жүйесі бір-бірімен байланысты болуы;

      – Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мен индикаторлар жүйесі экономикалық қауіпсіздіктің негізгі қатерлер тізіміне сай болуы;

      – Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мен индикаторлар жүйесі қажетті және жеткілікті болуы;

      – Алынған талдау нәтижелері нақтылыққа сай тексеру мүмкіндігіне ие болуы;

      – Олар уақытқа сай болып, әлеуметтік-экономикалық өмірдің белгілі бір кезеңін сипаттауы қажет.

      Сандық сипаты бар мұндай көрсеткіштер төнген қауіпті алдын ала көрсетуі тиіс. Мұндай көрсеткіштер жүйесі экономикалық ресурстардың, өндіріс факторларының айналысы жүзеге асырылатын аймақтық жүйенің ұдайы өндіріс сипатын бейнелейді. Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздіктің маңызды көрсеткіштерінің бірі аймақта бір жыл ішінде өндірілген өнім, яғни жалпы аймақтық өнім болып табылады. Жалпы аймақтық өнім – аймақтарда орналасқан салалардың қосымша құндарының сомасы ретінде анықталынады. Жалпы аймақтық өнім динамикасын анықтайтын экономикалық қауіпсіздіктің факторлы көрсеткіштері еңбек, капитал және табиғи ресурстарды қолдану болып табылады. Бұл көрсеткіштердің байланысын келесі функция түрінде көрсетуге болады:

WRP = f (Ka,Lb Zc), (1)

      мұндағы: WRP – ЖАӨ;

      К – капитал көлемі;

      L – еңбек шығыны;

      Z – жер мен ресурстарды пайдалану көлемі.

      а, b, с – әрбір факторға қатысты жалпы аймақтық өнімнің икемділігін көрсететін коэффициенттер.

      Мемлекеттік және жергілікті экономиканың әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік деңгейіне әртүрлі факторлардың әсерін бағалау үшін талдаудың корреляциялық-регрессиондық әдісін қолдануға негізделген экономикалық-математикалық модель құрылады. Кез-келген модель объектінің, жағдайда жалпы аймақтық өнім динамикасымен анықталынатын аймақтық жүйе үшін жасалынады. Модельді құру негізінде мемлекеттік және жергілікті экономикалық әлеуеті, даму деңгейі мен мамандануы бойынша бөліп, оларды топтастырады. Қазақстанның аймақтарының әрбір тобында жергілікті ерекшеліктеріне негізделген әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігінің ерекше қатерлер кешені бар. Осыдан, мемлекеттік және жергілікті экономиканың дамуының жағдайын саралау олардың дамуының әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігін бағалауды талап етеді.

      Мемлекеттік және жергілікті экономиканың әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігі – жергілікті аймақ экономикасының оның дамуының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдықсаяси тұрақтылығын қамтамасыз етуге ұйымдастырушылық қабілеттілігі, халықтың өмір сүру сапасын жоғары әлеуметтік стандарттар деңгейіне жеткізу, табиғат ресурстарын ұтымды пайдалана отырып, ішкі және сыртқы қауіптердің ықпалына қарсы тұру. Демек, жергілікті аймақ экономикасының қауіпсіздігін СКАЧАТЬ