Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009). Бақыт Бөжеева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009) - Бақыт Бөжеева страница 8

СКАЧАТЬ еңбекақы сағатына 75 центтен 1 долларға дейін өсті. 1958 жылы экономикалық дағдарыс кезінде кейбір салалардағы жұмыссыздыққа уақытша көмек ақша төлеу уақыты созылды. Жалпы Эйзенхауэр үкіметі тұсында оның ішкі саясатына демократтар да өзіндік ықпалын тигізе алды, өйткені олар конгрестегі көпшілік дауысқа ие болған еді.

      Ғылыми-техникалық революцияның америкалық қоғамға тигізген ықпалы өте зор болды. Оның маңызды жағы бұл өнеркәсіпті автоматты құрылғыларды өндіріске енгізу және электрондық есеп машиналарын кеңінен қолдану еді. 50-жылдың ішінде басталған бұл қадам 60-жылдары да жаппай кең етек алды. 1959 жылы АҚШ-та 2034 ЭЕМ жұмыс істесе, 1969 жылы олардың саны 56 мыңға жеткен. Өте жедел, қарқынды дамыған салаларға – радиоэлектроника, электроэнергетика, атом өнеркәсіптерін жатқызуға болады. Сондай-ақ ғылыми техникалық революция ауыл шаруашылығын, сауда және қаржы-несие салаларын да қамтыды. Ғылыми техникалық революция америкалық қоғамның әлеуметтік жүйесінде де кеңінен дамыды. Жалдамалы жұмысшылардың біліктілік деңгейін арттырды, білікті жұмысшылардың жаңа санатының, яғни оператор, бағдарлама жасаушылардың және т.б. қалыптасуына әкелді. 1950-1970 жылдар аралығында АҚШ-та жалдамалы жұмыс күші 58,9 млн адамнан 78,6 млн адамға көбейді. Инженерлік-техникалық топтың үлес салмағы да өсе түсті. Жұмысшы күшінің кәсіптік деңгейі де алға жылжыды. Жоғары маманды жұмысшы күші 1950–1970 жылдары 32,8-ден 36,7 пайызға өссе, мамандығы жоқ жұмысшы үлесі 15,2-ден 13,3 пайызға қысқарған. АҚШ-та қызмет көрсету саласының қарқынды дамуына байланысты халық санының көбеюі де байқалды. 1940 жылдан 1960 жылға дейін, 20 жыл ішінде халық саны 132 млн-нан 178 млн-ға дейін, яғни 35 пайызға өскен. 50-жылдардың өн бойында АҚШ халқының едәуір бөлігінің тұрмыстық жағдайы айрықша жақсарды. 1950–1960 жылдары орташа еңбекақы сағаты 1,4-тен 2,2 долларға дейін өсті. Өнеркәсіптің көптеген салаларында бес күндік жұмыс күні енгізілді. Ауыл шаруашылығын индустриализациялау нәтижесінде 50-жылдардың аяғында фермерлік қожалықтардың 80 пайызы электр жарығымен қамтамасыз етілген болатын. Автокөлік пен жаңа тұрмыстық техниканы иеленген жанұялар саны да артып жатты.

      Бірақ Құрама Штаттарының 40–50-жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы кейбір қайшылықтармен де сипатталады. Америкалық қоғамның барлық әлеуметтік тобы өздерінің игілікті тұрмыс деңгейіне, әрине, қол жеткізе алған жоқ. Бұлардың қатарында біліктілігі жоқ жұмысшылар, ұсақ фермерлер және тағы басқа табысы аз тап өкілдері болды. Сондықтан да осы кезеңдегі АҚШ-тың бірінші кезектегі тұрған мәселесінің бірі болып кедейлікпен күрес еді.

      Эйзенхауэр үкіметінің сыртқы саясаты. Эйзенхауэр сыртқы саясатында қарсыластық құбылыстар байқалды, бұл негізінен «қырғиқабақ соғысының» жақтастары мен оған қарсыластар арасындағы күрес болды. Корей соғысында жеңіске жету мүмкіндігінің жоқтығынан Эйзенхауэр әкімшілігі уақытша бітім жөніндегі келісімге қол қояды.

      Президент Эйзенхауэр мен мемлекеттік хатшы Джон Фостер СКАЧАТЬ