Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009). Бақыт Бөжеева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009) - Бақыт Бөжеева страница 7

СКАЧАТЬ дейін жеткізілді. Бірақ «әділ бағыттың» қалған бағдарламалары конгресте республикалықтардың консервативті блогы мен оңтүстік демократтар тарапынан жүзеге аспай қалды. Республикалық партияда оңшыл республикашылар фракциясының позициясы едәуір күшейе түсті. 1948 жылдың күзінде басталған экономикалық дағдарыс елдегі жағдайды өте қиындатып жіберді. 1948 жылдың қыркүйегінен бастап, 1949 жылдың шілдесіне дейін жалпы өндірістік өнімнің жалпы көлемі 10,4 %-ға қысқарды. Шойын және болат өңдеу, мұнай және көмір шығару төмендеді. 1949 жылы жұмыссыздар саны 5 млн адамға, ал 1950 жылы ақпанда 6,6 млн адамға жетті.

      Г. Трумэн экономикалық дағдарыстан шығу жолын «үшінші әлем» елдерінен іздеді. 1949 жылдың 20 қаңтарында Трумэн өзінің ұсынысында тәуелді елдерге техникалық-экономикалық көмек көрсетуді ұсынды, бірақ олар АҚШ-тың бағдарламаларына сай жүруі керек болды.

      АҚШ монополистері әлемде үстемдік орнатуға бағыт алды. Бұған үлкен кедергіні Кеңестер Одағы жасаған болатын, сондықтан да АҚШ-тың сыртқы саясаты КСРО-ға қарсы негізделген еді.

      АҚШ-тың жаңа сыртқы саяси бағыты «атом дипломатиясы» деп аталды. Жаңа бағыттың нақты көрінісі «Трумэн доктринасы» мен «Маршалл жоспарынан» да байқалды.

      1940–1950 жылдар аралығында Құрама Штаттарында маккартизм атауына ие болған реакциялық жағдай орын алды. Республикашыл-сенатор Джозеф Маккартидің ұсынысы бойынша, бүкіл федералды үкімет аппаратында коммунистер қызмет етуде, елде «коммунистік қауіппен» қорқыту жағдайы қалыптасты. Бірақ Маккарти және оның жолын қуғандар коммунистерге ғана соққы беріп қойған жоқ. Олар кәсіподақтарды талқандады, либералдардың беделін түсірді, кез келген жұмысшы құқықтарына қатысты реформалардан бас тартты.

      1950 жылдың күзінде олар конгрес арқылы «ішкі қауіпсіздік туралы заңның» қабылдануына қол жеткізеді. Оның мәні: қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде коммунистік қызметке қарсы басқарма құру және АҚШ-та коммунистерді қудалау еді. Президент Трумэннің бас тартуынан кейін ультраконсерваторлар мен Трумэн үкіметі арасында келіспеушілік туындады, тіпті, ол сыртқы саясат саласында да байқалып жатты. 1950 жылдың маусым айында Корея соғысы басталады. 1951 жылдың көктемінде олар арасында өте шиеленісті қақтығыс болады. Оған себеп генерал Д. Макартур президент Трумэннен әскери қимылдар шеңберін кеңейтуді, тіпті, қытайлық шекараларды бомбалауды және атом қаруын қолдануды талап етеді.

      1951 жылдың көктемінде президент Трумэн генерал Д. Макартурды Кореядағы АҚШ-тың қарулы күштерінің қолбасшысы қызметінен босатады. Ультраоңшылдар президент пен оның кабинет мүшелерін «коммунистерге сатылғандар» деп айыптап, оларды сотқа беруді талап етті. Ультраконсерваторлардың коммунистерге қарсы, КСРО-ға қатысты қатал ұстаным ұстау сияқты жүгенсіз дөрекі үндеулері республикалық партияға көмегін тигізді десек болады. 1952 жылғы сайлауда республикалық кандидат генерал Д. Эйзенхауэр жеңіске жетеді.

      Республикалықтар билік басына келгеннен кейін СКАЧАТЬ