Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009). Бақыт Бөжеева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009) - Бақыт Бөжеева страница 10

СКАЧАТЬ басына келген Джонсон үкіметі елдің әлеуметтік саясатында елеулі өрлеуге қол жеткізді. 1964 жылы тамыз айында экономикалық мүмкіндіктер жөнінде қабылданған заңы халықтың кірісі төмен тобына қатысты бірқатар көмек шараларын қарастырды. Әсіресе, көмекке мұқтаж топтарға арналған екі бағдарлама, атап айтқанда, азық-түлік талоны бағдарламасы, 60-жылдардың аяғында олардың саны 8 млн адамға жеткен, ал жас балалары бар кедей жанұяларға көмек бағдарламасына сәйкес халық саны 10 млн адамға жетті. 1965 жылы конгресс әлеуметтік сақтандыру туралы заңға қосымша толықтырулар жасады, ол бойынша зейнеткерлерді медициналық сақтандыру жүйесі енгізілді (Медикейр бағдарламасы), ең төмен еңбекақы алатындарға мемлекеттік медициналық көмек көрсету жеңілдігі жасалынды. Төменгі еңбекақы сағаты 1,25 доллардан 1,6 долларға дейін өсті. 1967 жылы орта апталық жалақы 102 долларды құрады. Фермерлерге берілетін жәрдем ақша мен несиелер көбейтілді. Джонсон үкіметі экономиканы жақсарту үшін салықтық тәсілді пайдалануды жалғастырды. 1962 жылы конгреске енгізілген салық реформасы туралы заңына сүйенді, бірақ бұл заң тек президент Кеннедидің қайғылы қазасынан кейін ғана 1964 жылдың ақпанында қабылданған болатын.

      60-жылдардың ортасында тағы да бір маңызды мәселені шешуде үлкен қадам жасалды. Нәсілдік бөлектеуге, жатсынуға (сегрегация) қатысты шектеуліктер қойған шаралар қабылданды. 1964 жылдың шілде айында азаматтық құқықтар туралы заң өз күшіне енді, онда америкалықтарға қоғамдық орындарда, жұмысқа алу және жұмыстан босату кезінде қара нәсілділерді кемсітуге тыйым салды. 1965 жылдың тамыз айында президент негрлердің сайлау құқын қорғау туралы заңды бекітті. Ал 1968 жылы баспана сату және жалға беру барысында нәсілдік кемсітушілікке тыйым салу туралы заңға да қол қойылды. Бір сөзбен айтқанда, нәсілдік жікшілдікті шектеу қолға алынды.

      Әлеуметтік реформалардың жүзеге асуына көп қаражат қажет болды, бұл 60-жылдардың аяғында федералдық бюджеттің 38-39 пайызын алды. Тек Джонсонның «ұлы қоғам» атты бағдарламасы ойлағандай іске аспады, оған басты кеселін тигізген бұл АҚШ-тың Вьетнамдағы соғысы деп айтуға болады. Соғыс нәтижесінде салықты көбейту қайта басталды. Бұл халықтың көңілінен шықпады, сондықтан да демократтардың беделі төмендей түсті. Джонсон үкіметі өзінің Вьетнамдағы соғысын бастады. 1965 жылдың ақпан айында президент Солтүстік Вьетнамды жаппай бомбалауға бұйрық берді, ал Оңтүстік Вьетнамға америкалық әскери күш енгізілді. Екі-үш жыл ішінде Вьетнамдағы соғыс қимылдарына 550 мың америкалық әскер қатысты.

      Вьетнам соғысының ушығуы әлеуметтік реформалар жоспарларының іске асырылуына өзіндік кедергі жасады. Сондықтан «ұлы қоғам», «кедейшілікпен күрес» бағдарламалары толыққанды жүзеге асқан жоқ. АҚШ-тың әскери шығындарының көбеюі бюджеттің шамадан тыс қысқаруына, ал ол инфляция мен бағалардың жоғарылауына, әлеуметтік қажеттіліктерге шығындардың қысқаруына, салықтардың өсуіне алып келді.

      Жалпы 60-жылдардың аяғында демократтардың СКАЧАТЬ