Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009). Бақыт Бөжеева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009) - Бақыт Бөжеева страница 33

СКАЧАТЬ жойды. Сонымен қатар, Қытай мен Қазақстанға да ресми сапар шегіп, қару-жарақты, жоғары технологиялық құрал-жабдықты, коммуникация құралдарын сату жөніндегі келісімшарттарды энерготасымалдаушылар мен кең қолданыс тауарларына алмастырды. Бұндай белсенділік нәтижесінде Германия Қытайдың ғана емес, Орталық Азия елдерінің де ірі инвесторы мен сауда әріптесіне айналуы мүмкін.

      ГФР-дың халықаралық қауымдастыққа қызығушылық танытуы бұл елдің әлемдік істерде өз рөлінің артуына және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелігіне өтуіне қол жеткізу ниетін тағы да дәлелдеді.

      Германия Федеративтік Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы қатынастар. 1991 жылғы 31 желтоқсан – Германия Федеративтік Республикасы Қазақстан Республикасының егемендігін таныды. 1992 жылғы 19 ақпанда екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды. Екіжақты қатынастар түрлі деңгейдегі байланыстардың жоғары қарқынымен айқындалады, олар достық пен өзара сенімге негізделген. Екі мемлекет арасында саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және білім беру саласында, сондай-ақ халықаралық лаңкестікке және есірткімен саудаға қарсы, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын белгілейтін түрлі құжаттарға қол қойылған болатын.

      ГФР мен Қазақстан арасындағы мәдени және гуманитарлық саладағы ынтымақтастық 1994 жылғы 16 желтоқсанда қол қойылған ГФР мен Қазақстан Үкіметі арасындағы «Мәдени ынтымақтастық туралы» Келісімінің негізінде іске асырылуда. Осы саладағы өзекті мәселелер Қазақ-Герман Үкіметаралық жұмыс комиссияның отырыстарында қаралады.

      Екі ел арасында білім және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастық та пәрменді дамып келеді. 1999 жылдан бері мамандарды неміс үлгісі бойынша дайындайтын Алматыда Қазақ-Неміс университеті жұмыс істейді. ГФР мен Қазақстан Үкіметтері арасындағы Қазақ-Неміс университетін дамыту мақсатындағы ынтымақтастық туралы келісімнің аясында аталған жоғары оқу орнында қосымша жаңа мамандықтар ашу, оқу ғимаратын жаңармалы қуат көздерін пайдаланудың үлгісі ретінде қайтадан салу жұмыстары қолға алынды. Қазақстанда 1994 жылдан бері Гете институты, 1989 жылдан Герман академиялық алмасу қызметі (ДААД), Герман педагогикалық алмасу қызметі, түрлі саяси қорлар жұмыс істейді.

      Германия Қазақстанның ең ірі сауда-экономикалық әріптестерінің қатарына кіреді. Қазақстанның Индустрия және сауда министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, 2008 жылдың нәтижелері бойынша екіжақты сыртқы сауда көлемінің көрсеткіші 2004 жылмен салыстырғанда, 2,6 есе өсіп, 3,2 млрд АҚШ долларын құраған.

      Германияның статистика мекемелерінің мәліметтері бойынша 2008 жылы ҚР мен ГФР арасындағы сауда айналымының көрсеткіші 6,2 млрд евроға жеткен, ал 2007 жылы бұл көрсеткіш 5,6 млрд евро болған.

      Ғаламдық қаржы және экономикалық дағдарыстың салдарынан 2009 жылғы ГФР-дың мәліметтері бойынша екіжақты сауданың нақты төмендеуі байқалуда. Сандық салыстыр СКАЧАТЬ