Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009). Бақыт Бөжеева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009) - Бақыт Бөжеева страница 12

СКАЧАТЬ дамыту, күн энергиясын пайдалану туралы мәселелер қарастырылды. Ел ішінде жанармай мен мұнай өнімдеріне бағаларды көтеру жобаланды. Инфляцияға қарсы күрес жүргізілді. 1978 жылы қазанда және 1980 жылы наурызда Картер инфляцияға қарсы бағытталған бағдарламалар ұсынды, онда мемлекеттік шығындарды қысқарту, бірқатар несиелік шектеуліктер қарастырылды, 30 млрд доллар шамасындағы шетел валютасының қоры құрылды. Алайда, үкімет қабылдаған іс-шаралар елдің экономикалық жағдайына айтарлықтай үлес қоспады. 1980 жылы АҚШ-ты кезекті экономикалық дағдарыс қамтыды.

      Картердің үкіметінің сыртқы саясаты. 1977 жылдың қыркүйек айында Панама каналының жаңа мәртебесі жөніндегі шартқа қол қойылды, онда 2000 жылы панамалық үкіметтің бақылауына өтетіндігі қарастырылған. 1978 жылдың қыркүйек айында президент Картердің делдал болуымен Мысыр мен Израиль арасында бейбіт келісімшартқа қол қойылды. 1979 жылы Венада КСРО мен АҚШ арасында стратегиялық шабуыл қаруларын шектеу туралы екінші келісімге қол қойылды. Дегенмен, 70-жылдардың аяғында Ауғанстан аумағына кеңестік әскердің кіргізілуі америкалық-кеңестік қатынастарды шиеленістірді. Сол кездері қарусыздандыру мәселелері бойынша кеңес-америкалық келіссөздер тоқтатылды.

      1980 жылы «Картер доктринасы» ұсынылды, онда «шектеулі ядролық соғыстың» енгізілуі және әлемнің әртүрлі аудандарында америкалық әскери күшінің орналасуы қарастырылды. 1978 – 1979 жылдарда Ирандағы оқиғаларға байланысты Парсы Шығанағы мен Үнді мұхитында әскери-теңіз тірегін күшейтті.

      Президент Р. Рейганның әкімшілігі (1980-1988 ж.). 1980 жылы 4 қарашада өткен президенттік сайлау нәтижесінде АҚШ президенті болып, республикалық партияның өкілі Р. Рейган сайланды. Демократтар сенат пен өкілдер палатасында көп депутаттық орындардан айырылып қалды.

      Рейган үкіметі инфляция мен жұмыссыздық мәселесін мемлекеттік реттеу саясатынан бөлу арқылы және мемлекеттік бюрократияны қысқарту жолымен шешуге уәде берді. Рейганның әлеуметтік-экономикалық бағдарламасы «рейганомика» атымен белгілі болды. Рейган әкімшілігінің негізгі мақсаты инфляцияны жою, АҚШ-тың ғылыми-техникалық мүмкіндігін көтеру, құрылымдық экономиканы қайта құру, әлем нарығындағы бәсекелестік жағдайын күшейту болды. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін: мемлекеттің экономика мен нарықтық бағдарламаларды реттеуге араласуына шектеу қою; инфляция қарқынын баяулату; инвестицияларды реттеу; халықтың жинақ қорын көбейту; федералды үкіметтің шығындарын шектеу сияқты бірнеше ұсыныстар жасалды. Мұнда алдымен әлеуметтік шығындарды, яғни жұмыссыздық пен мүгедектерге, медициналық көмекке жәрдемақыны шектеу; федералды бюджет тапшылығын азайту.

      Рейган экономикалық дағдарыстан шыға алды. Сонымен қатар инфляция мен жұмыссыздықты қысқартты, кіріс салығын төмендетті, экономикалық даму қарқынын жеделдетті, ереуілдерді тоқтатты. Осының барлығы оның 1984 жылы өткен президенттік сайлауда екінші рет жеңіп шығуына мүмкіндік жасады.

      АҚШ СКАЧАТЬ