Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009). Бақыт Бөжеева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009) - Бақыт Бөжеева страница 15

СКАЧАТЬ 5,5 долларға көтеріліп, халықтың 55 %-ы құнды қағаз иегері атанды. ЖІӨ көлемі 90-жылдардың ортасынан бері 3 % деңгейде болса, ал 1997 жылдан кейін 4 %-дан асты. Осы жылдары интернет жүйесін пайдаланушылардың саны көбейіп, Солтүстік Америкада 140 млн адамға жетті және де бұл көрсеткіш Еуропа мемлекеттерінің бәрін бірге алғандағы көрсеткіштен де көп (83 млн) еді.

      Ақпараттық революция нәтижесінде 90-жылдардың аяғында 40 млн-нан астам америкалықтар өз мамандығының міндеттерін үйлерінен шықпай-ақ бүкіләлемдік тор арқылы жүзеге асыратын болды. Бұл атақты америкалық саясаттанушы Э. Тоффлердің миллиондаған халықтың «электронды коттедж» атты жұмыс түріне көшеді деген болжауын растады. Сонымен қатар жеке тұрғын үйге ие болу арманына халықтың 66 %-ы қол жеткізді.

      90-жылдардың аяғында әлеуметтік қатынастар саласы да өзгеріске ұшырады. Президент Б. Клинтон 2001 жылы бюджеттегі мемлекеттік кіріс көлемін 2 трлн доллар көлемінде бекітті. Осыған орай оның әкімшілігі көптеген әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру мүмкіншілігіне ие болды. АҚШ-тың қазіргі әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінің негізі халықтың жұмысын, жұмыс істеу қабілетін немесе отбасындағы асыраушысын жоғалтқан жағдайда көмек көрсететін «сақтандыру жүйесі» құрайды. 80 млн-нан астам америкалықтар (бүкіл халықтың үштен бірі) көлемі 1 трлн доллардан асатын мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бағдарламасы бойынша тұрақты көмек алып тұрады.

      АҚШ-тағы әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін жақсартудың келесі маңызды факторы – бұл демократтардың ұлттық экономиканы басқару саласындағы реформалары. 2000 жылы Клинтон әкімшілігі ұлттық экономика, ұлттық қауіпсіздік, әлеуметтік денсаулық сақтау және азаматтардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Ақпараттық жүйені қорғаудың ұлттық жоспарын» ұсынды. Оны жүзеге асырмайынша алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру мүмкін емес еді.

      1999 жылдың күзінде Президенттің жариялаған «Жаңа жүзжылдыққа арналған АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік стратегиясы» атты жолдауында да осы міндеттемелерді шешу көрініс тапты. Онда: «Біз қақтығыстардың алдын алуға, демократияны дамытуға, ашаршылық пен аурудың таралуына қарсы күреске жұмсаған әрбір доллар бізге қауіпсіздік және байлық түрінде қайтып келеді» деп жазылған.

      90-жылдардағы АҚШ-тың ішкі саяси өмірі феминистік қозғалыстар санының көбеюімен ерекшеленді. Әйелдер жоғары білім алушылардың 60 %-ын , ұлттық кәсіпкерліктің үштен бір бөлігін және жұмыс берушілердің төрттен бір бөлігін құрады. Президент Б. Клинтон саясатының арқасында әйелдерге тең құқық беру жөнінен АҚШ әлемде көшбасшы болды. Көп жылдар бойы Әйелдер мәселесі бойынша президенттік мекемеаралық кеңес жұмыс атқарады (1995 жылы құрылған). Оның төрайымы президенттің жұбайы Хиллари Клинтон болды.

      Клинтон кезінде парақорлықпен күрес шаралары үлкен табысқа жетті. Президенттің арқасында парақорлық америка қоғамына үлкен қауіп, қазіргі қоғамды бұзатын фактор ретінде түсіндіріле СКАЧАТЬ