Шежірем сыр шертсе. Тажис Мынжасар
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Шежірем сыр шертсе - Тажис Мынжасар страница 43

Название: Шежірем сыр шертсе

Автор: Тажис Мынжасар

Издательство: SelfPub.ru

Жанр: История

Серия:

isbn:

isbn:

СКАЧАТЬ Қаракесек бала болған.

      Баласы Қаракесек Әлім, Шөмен,

      Болыпты бұлар да үшеу Байсарымен.

      Бозаншы Байсарыдан жетім қалып,

      Қайғырып, қаршадайынан шөккен Шөмен.

      Бүкіл алшынның ұранына, бәлкім, айтулы батыр болғасын шығар, осы Арғымақтың аты алынады. Біреулер оны Алау батырдың лақап аты деседі. Бірақ бұл, біздіңше, қате пікір. Өйткені шежірелердің денінде олар екі ағайынды болып келеді. Сөйтіп Арғымақтан–Телеу, еншілесі Рамадан таратылады.

      Қолымызға кейінірек тиген Рашид–Әлмахан шежіресінде Алаудан тарайтын оның еншілестері Саптан мен Қылуар жөнінде деректер беріледі. Оларда Саптаннан–Жаурыншы, Қарақатыш, одан–Мелде, одан–Елез, одан–Қарашәмен, Аққожа, Есқожа, Бұдаш тарқатылады. Осы Бұдаштан – әйгілі Жағалбайлы, Қуат, Ормантай. Жағалбайлыдан–Бөдеш, Бестерек, Болат, Қараша, Аққожа, Ормантай, Құтбанай, Тұзбет, Сирақты, Байқожа, Манатау, Біліс дүниеге келеді. Қылуардың еншілес інісінен–Керейіт, одан–Тәңірберген, одан–Байдос, Жандос. Байдостан–Жанқабыл, Жарек. Жандостан–Ыдық, Жартай тарайды. Пайымдауымызша, мұнда Кердері Құдиярдың Нәдірқожасынан емес, Байқожасынан өрбуі керек сияқты. Өйткені Нәдірқожадан біздер, Қаракесектер мен Байұлы тарамаймыз ба? Ал Сәдірқожадан–Табын, Тама тарқатылады. Өйткені ресми шежіре деректері бойынша Кердері мен соңғы екеуі Жетіруға жататындығы белгілі.

      Нәдірқожаның Қыдырқожасынан (Байұлынан)–Алтын, Самса, Жанбибі (біздіңше Жамбы+би). Самсадан–Беріш, Жаппас. Жанбибіден–Сұлтансиық, Бақтысиық, Қыдырсиық. Сұлтансиықтан–Қызылқұрт, Масқар, Алаша, Байбақты. Бақтысиықтан–Есен, Темір, Шеркеш. Қыдырсиықтан–Ысық, Баршабике. Осы Баршабикеден шежіре, тарихтарда жиен деп айтылғанымен, бірақ үлкен жиында қолына жілік ұстатылып, әулеттің ұлы деп жарияланған айтулы Адай туған көрінеді. Адайдан–Құдайке, Келімберді. Құдайкеден–Тәжіке, Қосай. Тәжікеден–Қабақай, одан–Ешмұрат, Қарамырза, одан–Құлынби, Сегізбатыр. Құлынбиден–Мәмек, одан–Тәжіғали, Маханмадияр. Тәжіғалидан–Зиналабадин, Әлхан. Маханмадиярдан– Әлиасқар. Қосайдан–Теңей, Байбол (бәйбішеден), Сүйіндік, Бәли (екінші әйелінен), Айтай, Бегей (үшінші әйелінен). Келімбердіден–Ақбан (бірінші әйелінен), Қонай, Орыс (екінші әйелінен), Балықшы (үшінші әйелінен),

      Жеменей, Тобыш, Мұңал (төртінші әйелінен). Жеменейден–Өрдек, Шылым, Кенже, одан–Қойдәрі. Қонайдан–Тобанияз. Мұңалдан–Әлім, Бейімбет, Шоғы, Жауыр. Тобыштан–Жалды, Ескелді, Қосқұлақ, одан–Жаналы, Төленді, Тоғызақ. Жаналыдан–Бекет.

      Нәдірқожаның Қадырқожасынан, яғни жоғарыда тілге тиек етіп отырған Қайырбайдан–біздер, Қаракесек ұрпақтары төмендегіше тараймыз. Қаракесектен–Байсары (Тоқсұлудан), Әлім, Шөмен (Тоқсұлудың сіңлісі Қағаздан). Байсарыдан–Бозаншар (Кетебикеден). Әлімнен–Ұланақ, Жаманақ, Айнық, Тегінболат, Қарамашақ (бәйбішесінен), Тайқожа (жеңгелей алған Кетебикеден), Шөменнен – Шөмекей, Дойт (бәйбішесінен), Төменқожа (жеңгелей алған Кетебикеден). Шөмекейден–Аспан, Бозғыл, Тоқа, Көнек. Ал бұлардан әрі қарай қалай өрбитіндігімізді шежіреміздің осы аталарға СКАЧАТЬ