Аманжолов Алтай. Өнегелі өмір. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Аманжолов Алтай. Өнегелі өмір - Коллектив авторов страница 20

СКАЧАТЬ білдіретін одағай теориясы. Сондай-ақ әлеуметтік теорияларға жататындар – әлеуметтік шарттасу теориясы (сөз адамдардың келісімі, шарттасуы барысында пайда болады-мыс дейтін көзқарастағы теория), еңбек айқайы теориясы, Н.Я. Марр ұсынған «Еңбек – магиялық әрекет» теориясы және т.б. Бұл проблеманы шешуде марксизм классиктерінің ұсынған пайымдауларына сүйенсек, ең алдымен, Ф. Энгельстің «Маймылдың адамға айналу процесіндегі еңбектің рөлі» деген шығармасын атап өткен жөн. Онда тіл мен сананың пайда болуының ең басты себебі – адамдардың қоғамдағы еңбек әрекеті екені көрсетілген. Демек, сөйлеу мен ойлау әрекетінің биологиялық алғышарттарын да жоққа шығармастан, тілдің пайда болуындағы әлеуметтік фактордың басты негіз екенін ескеруімізге тура келеді.

      Заманадан замана өтіп, талай мыңдаған жылдарды артқа тастап, нелер шаштар ағарып, нелер тәнді жер жұтып, ұрпақтан-ұрпақ ауысып, былайша айтқанда, алғашқы адамдардың айқайына ымы араласа дамуынан анық сөзге жеткенге дейін талай тарихи заманалар өтті ғой. Ал мұны ғылыми тұрғыдан айтар болсақ, айқын бөлшектенбеген диффузды сөйлеуден анық сөзге айналу эволюциясы деп білеміз.

      Даму деңгейі әртүрлі болғанымен де, қай тілді алып қарасаңыз да, тіл мәселесі, оның сөздік құрамы, яғни лексикасына байланысты. Демек, сөздік құрамды зерттейтін лексикологияның негізгі салалары ономасиология, семасиология, ономастика, этимология, фразеология, лексикография болып табылады. Осылардың ішінде ономастика жөнінде сөз еткенде мына бір мәселеге көңіл қойып көрейікші.

      Ономастика лексикологияның жалқы есімдерді зерттейтін саласы болғандықтан, мұнда этникалық, географиялық, астрономиялық атаулар (этноним, топоним, космоним), кісі есімдері (антропоним), түрлі жануарлар аттары (зооним) мен өсімдік атаулары (фитоним) жан-жақты талдауға түседі. Түркі ономастикасының елімізде ерекше өріс алуының нәтижесінде елуден астам кандидаттық, 7 докторлық диссертация қорғалды, көптеген мақала мен кітап жарық көрді (1940 жылдан бері). Мәселен, Қазақстандағы ономастика бойынша алғашқы қадам С. Аманжоловтың «Қазақ деген сөз туралы» және «Географиялық атаулар» деген мақалалары («Пионер» журналы, 1940 жылғы 12-саны, 1941 жылғы 3-саны), оның жетекшілігімен жазылған Ш. Жанәбілевтің «Қазақтың мал атаулары» (1953 ж.) және А. Әбдірахмановтың «Қазақстан топонимикасының кейбір мәселелері» (1954 ж.) деген кандидаттық диссертациялары болып табылады, ал соңғы елеулі еңбек – Г. Мәдиеваның «Қазіргі Қазақстанның ономастикалық кеңістігі» деген докторлық диссертациясы (Алматы, 2005 ж.).

      Ономастикадағы орны зор географиялық атаулардың сырын байқау үшін төмендегі жолға зейін қойыңызшы.

Қазақта:

      Балқан, Балқан, Балқан тау,

      Ол да біздің барған тау.

Қырғызда:

      Балқан, Балқан, Балқан тоо,

      Аны да биз корген тоо.

Қарақалпақта:

      Түйе, түйе, түйелер,

      Дұзың қайда түйелер?

      Балқан таудың басында,

      Балық ойнар қасында.

      Осы бір өлең-жыр СКАЧАТЬ