Инвестициялау негіздері. Гүлназым Супугалиева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Инвестициялау негіздері - Гүлназым Супугалиева страница 13

Название: Инвестициялау негіздері

Автор: Гүлназым Супугалиева

Издательство: КазНУ

Жанр: Учебная литература

Серия:

isbn: 978-601-247-508-1

isbn:

СКАЧАТЬ болғанымен де, оларды ұйымдастыру формаларына қарай мынадай топқа бөлуге болады:

      1) өзін-өзі қаржыландыру (инвестициялау мақсатында өзінің ішкі қаржыландыру көздерін пайдалану);

      2) акцияларды сатудан түскен қаражаттар;

      3) еңбек ұжымының, азаматтардың, заңды тұлғалардың қосқан үлестері мен өзге де мүшелік жарналары;

      4) қайтарымсыз және қайтарылатын негізде берген ҚР-ғы бюджет субъектілерінің қаражаттары;

      5) арнайы мақсатты қорлар қаражаттары;

      6) шетелдік инвесторлар қаражаттары.

      Инвестицияны қаржыландырудың меншікті көздері ең тұрақты көздер болып табылады. Кез келген коммерциялық ұйымдарды инвестициялаудағы меншікті қаражат көзінен пайда жатады.

      Нарық жағдайындағы кәсіпорынның басты мақсаты пайда табу. Пайда – кәсіпорынның негізгі қаржылық нәтижесі. Кәсіпорында алынатын пайданың түрлері: баланстық, жалпы, таза және бөлінбеген пайда.

      Баланстық пайда (Пб) мынадай құрамдас бөліктерден тұрады:

ПбC+Пm+(ТСO. – Шсо.),

      мұндағы Пс – өнімдерді (жұмыстар, қызметтер) сатудан алынған пайда;

      Пм – кәсіпорын мүлкін сатудан түскен пайда;

      Тсо – сауда емес операциялардан алынған табыстар;

      Шсо – сауда емес операцияларға байланысты шығыстар.

      Жалпы пайда салық төлеуге жататын пайда болып табылады. Кәсіпорын үшін ең маңыздысы – бұл оның иелігінде қалатын таза пайда. Таза пайданың (П) есептелуі:

Пт = Пб – Ст,

      мұндағы Пб – баланстық пайда,

      Ст – пайдадан төленетін салықтар мен міндетті төлемдер.

      Таза пайдадан акционерлерге дивиденд және әр түрлі пайыздар төленгеннен кейін кәсіпорында бөлінбеген пайда қалады. Міне осы бөлінбеген пайда кәсіпорындағы инвестицияны қаржыландырудың басты көзін құрайды.

      Амортизациялық аударымдар да инвестицияны қаржыландырудың басты көзі. Амортизация – негізгі қорлардың қызмет ету мерзімі ішінде шығарылатын өнімдерге өздерінің құнын беру процесі.

      Негізгі құралдарға ғимараттар, құрылғылар, жұмыс және күш көліктері мен құрал-жабдықтары, өлшейтін және реттеуші құралдар мен құрылғылар, есептеуіш техникалары, өндірістік және шаруашылық заттары және қызмет ету мерзімі бір жылдан асатын басқа да құралдар жатады.

      Амортизацияға мыналар жатпайды: сыйға беру шарты бойынша алынған негізгі құрал объектілері, тұрғын үй қорлары, орман және жол шаруашылығы объектілері, арнайы құрылғылар, өнім беретін малдар, маралдар және т.б., пайдалану мерзімі жетпеген көп жылдық көшеттер, сондай-ақ сатып алынған басылымдар (кітаптар, оқулықтар және т.б.).

      Еліміздің нарық желісіне өтуімен байланысты қаржыландыру көзі ретінде амортизациялық аударымдардың маңызы арта түсуде.

      Кәсіпорындардағы амортизациялық аударымдардың шамасы мынадай факторларға тәуелді:

      • кәсіпорынның иелігіндегі негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құнына;

      • негізгі қорларды қайта бағалауға;

      • амортизациялық аударымдарды СКАЧАТЬ