Инвестициялау негіздері. Гүлназым Супугалиева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Инвестициялау негіздері - Гүлназым Супугалиева страница 9

Название: Инвестициялау негіздері

Автор: Гүлназым Супугалиева

Издательство: КазНУ

Жанр: Учебная литература

Серия:

isbn: 978-601-247-508-1

isbn:

СКАЧАТЬ механизм құрылымы мынадай элементтерден тұрады:

      – мотивациялық буын;

      – инвестициялық қызметті ресурспен қамсыздандыру;

      – құқықтық және әдістемелік жағынан қамсыздандыру;

      – ұйымдық қамсыздандыру.

      Мотивациялық буын – нақты инвестициялық механизмнің сыртқы экономикалық және әлеуметтік ортамен, тиісті экономикалық және шаруашылық механизмдермен өзара әрекет етуін қамтамасыз етеді.

      Мотивациялық буынға потенциалды инвесторлардың өздерінің қаражаттарын салатын объектілерді анықтау барысында басшылыққа алатын барлық қызмет түрлерінің мотивтерін пысықтау және зерттеу шараларын қамтиды.

      Инвестициялық қызметтіресурспен қамсыздандыру – нақты бір жобаның алдына қойған мақсатына жету үшін қажетті ресурстармен жабдықтау, сондай-ақ оларды алатын көздерді талдау және түрлерін зерттеуді көздейді. Инвестициялық қызметте пайдаланылатын ресурстар түрлерінің жіктелуі 1-кестеде берілген.

      1-кесте

      Инвестициялық қызметте пайдаланылатын ресурстар түрлерінің жіктелуі

      2.4. Жобалық несиелеу ерекшеліктері

      Жоба сөзі латын сөзінен аударғанда алға тасталған, яғни түпкі ой деген мағынаны білдіреді. Өндірісте және т.б. сипатта болсын кез келген жобаның инвестициясын қаржыландыруға және несиелеуге салу тәуекелдікке алып келеді. Сондықтан инвестицияны белгілі бір сала алдында жобалауды жүргізуіміз қажет.

      Инвестицияны жүзеге асырудың тиімділігі жұмыстың сапалы орындалуына байланысты болғандықтан қайта жобалау үлкен роль атқарады.

      Инвестициялық жоба дегеніміз – бұл жаңа өндірісті құруға ісәрекеттегі өндірісті кеңейтуге және жаңартуға салынатын шаралар кешені болып табылады және сонымен қатар одан белгілі бір экономикалық тиімділікті алуды білдіреді.

      1. Инвестициялық жоба – белгілі бір мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін қандай да бір іс-шара, қызмет болып табылады.

      Барлық жобалар 4 типке бөлінеді:

      1) тәуелсіз;

      2) өзара бір-бірін жоққа шығару;

      3) өзара орнын толтыру;

      4) өзара әсер ету.

      1) егер біреуінің қабылданған шешімдері екіншісінің іс-әрекетіне әсер етпейтін болса, онда инвестициялық жобалар тәуелсіз болып табылады;

      2) егер бірінші жобаның тиімділігі басқа жобаны қабылдаған кезде тиімділігі 0-ден ↓=> 2 жоба өзара бір-бірін жоққа шығаратын жобалар болып табылады;

      3) егер бір жобаны қабылдаған кезде екіншінің тиімділігі төмендесе, бірақ ол жоқ болып кетпейтін болса, онда ондай жобалар өзара орнын толықтыратын жобалар болып табылады;

      4) егер жобаны жүзеге асыруда олардың қосымша тиімділігі бірігетін болса, онда өзара әсер ететін жобалар деп аталады.

      2. Инвестициялық СКАЧАТЬ