Инвестициялау негіздері. Гүлназым Супугалиева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Инвестициялау негіздері - Гүлназым Супугалиева страница 15

Название: Инвестициялау негіздері

Автор: Гүлназым Супугалиева

Издательство: КазНУ

Жанр: Учебная литература

Серия:

isbn: 978-601-247-508-1

isbn:

СКАЧАТЬ келтірілген (сәйкесінше 2, 3 және 4-суреттер).

       2-сурет. Бағалардың күнделікті өзгерісі Дерек көзі – «ЕСО» ақпараттық-аналитикалық жүйесінің мәліметтері негізінде. «Банк ЦентрКредит» АҚ. 14.02.2008 ж.

      Суреттен көрініп тұрғандай, кейінгі бірнеше күн ішінде бағалардың күрт өсуі байқалған (бұл өзгеріс графикте дөңгелекпен қоршалып тұр). Өзіміз көріп тұрғанымыздай, бағалар 108-ден 110ға дейін өскен. Бұл өзгеріс АҚШ-та белең алған ипотекалық кризиске дейін Қытай қор нарығының құлдырауымен байланысты болды. Баршамызға белгілі болғандай, Қытай қор нарығы шамадан тыс «ысып», нәтижесінде Қытайдың бағалы қағаздарына деген бағалар құлдырап кетті. Осының нәтижесінде Қытайдың ысып кеткен қор нарығынан капитал осы нарықтан сенімдірек және қауіпсіздеу нарық – американдық бағалы қағаздар нарығына ағылып кетті. Бағалардың өсуін осылайша түсіндіруге болады.

      Тенденция бағытының үш түрі бар екені белгілі:

      – бұқалық, өрлеуші тренд;

      – аюлық немесе төмендеуші тренд;

      – жағалай немесе нейтралды тренд.

      Жоғарыдағы суреттен тренд нейтралды (йаі) екендігі, яғни бағалар өзгерісі белгілі бір бағытқа бағынып тұрмағаны көрініп тұр. Олар 108-110 коридорында өзгеріп тұр. Осылайша, осы графиктің мәліметтері бойынша, біз бағалы қағаздарды сатып аламыз немесе сатамыз деген біржолата нақты шешім қабылдай алмаймыз. Сондықтан да бізге бағалар өзгерісінің апта сайынғы мәліметтерін талдау керек (3-сурет).

       3-сурет. Бағалардың апта сайынғы өзгерісі Дерек көзі – «ЕСО» ақпараттық-аналитикалық жүйесінің мәліметтері негізінде. «Банк ЦентрКредит» АҚ. 14.02.2008 ж.

      Бағалар өзгерісінің апта сайынғы графигінде әрбір свеча бір аптаның жағдайын көрсетеді. Суреттен көріп тұрғанымыздай, наурыздың бірінші аптасында американдық бағалы қағаздарға деген бағаның өсуі байқалған (жоғарыда айтылған Қытай қор нарығының құлдырауымен байланысты екенін айта кетейік). Осы оқиғадан кейінгі аптада бағалар 109,60-тан 108,35-ке дейін төмендеді. Осы сурет бойынша да біз белгілі бір қорытынды жасай алмаймыз, себебі бағалар қолдау деңгейін (өткен кезеңдегі орташа есептелген бағаны) жанап өтіп, күрт жоғарылап кетуі де, құлдырап кетуі де әбден мүмкін.

      Ендігі кезекте бағалар өзгерісінің ай сайынғы графигін қарастырып талдайық (4-сурет). Суреттен көрініп тұрғандай, 2007 жылдың маусым айынан бастап сол жылдың қараша айына дейінгі кезеңде орта мерзімді бұқалық тренд байқалған, яғни бағалар басым жағдайда өскендігі байқалып тұр. Ал 2007 жылдың желтоқсан айынан бастап 2008 жылдың қаңтар айына дейін бағалар 110,50-ден 105,80-ге дейін төмендеген.

      2008 жылдың ақпан айында бағалар 105 деңгейінен шамамен 109 деңгейіне дейін жоғарылаған. Сондай-ақ, біз суреттен 2008 жылдың қаңтар айында «волчок» фигурасы (денесі кішкентай және көлеңкелері үлкен фигура) қалыптасқанын көре аламыз. Ал келесі айда суретте денесі ақ айтарлықтай көлемді свеча қалыптасқан. Техникалық анализ тілінде бұл комбинация «бұқалық жұтылу» («бычье поглощение») деп аталады, яғни ақ свеча қара свечаның СКАЧАТЬ