Название: Инвестициялау негіздері
Автор: Гүлназым Супугалиева
Издательство: КазНУ
Жанр: Учебная литература
isbn: 978-601-247-508-1
isbn:
19.03.08 ж. шыққан тұтыну бағалар индексінің айлық мәні (Consumer Price Index (МоМ)) күтілген мәннен жоғары болды. Тұтыну бағалар индексі айлық мөлшерде 0,3 % құрайды деп күтілген болатын, ал нақты мән 0,4 % құрады. Бұл жағдай бағалар төмендейді деуге негіз бола алады. Ал айлық мөлшердегі тазартылған тұтыну бағалар индексі (CPI Ex Food & Energy (МоМ)) күтілгендей, 0,2 % құрады.
Өнеркәсіптік өндіріс (Industrial Production) бүкіл өнеркәсіптік өндірістің, коммуналдық қызмет көрсетудің және тағы басқалардың жалпы көлемін көрсетеді. Бұл көрсеткіштің нақты мәні күтілген мөлшерден жоғары болып шықты (нақты 1,0 % күтілген 0,3 %ға қарсы). Яғни бұл экономика өсіп келе жатыр, бағалы қағаздар табыстылығы жоғарылап келе жатыр, бағалы қағаздарға деген баға төмендеуі мүмкін деген сөз.
Өндірістік қуаттардың қолданылу коэффициенті (Capacity Utilization) экономиканың жалпы жағдайын, дұрысырақ айтқанда, оның өнеркәсіптік бөлігінің жағдайын сипаттайды. Өндірістік қуаттардың қамтылу деңгейінің оңтайлы мәні 81,5 %-ға тең деп есептеледі. Кестеден бұл көрсеткіштің мәні оның оңтайлы мәнінен төмен мәнге (81,3 %) тең болады деп күтілгендігін көріп тұрмыз. Сонымен қатар көрсеткіштің нақты мәні (82,0 %) оның оңтайлы мәнінен жоғары болып шыққандығын да көріп тұрмыз. Бұл экономиканың «қызып кету» қаупі бар деген сөз.
Конец ознакомительного фрагмента.
Текст предоставлен ООО «ЛитРес».
Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на ЛитРес.
Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.