Название: Инвестициялау негіздері
Автор: Гүлназым Супугалиева
Издательство: КазНУ
Жанр: Учебная литература
isbn: 978-601-247-508-1
isbn:
Төлем балансы (Current Account Balance) төлем балансының дефицитін немесе профицитін көрсетеді (қазіргі кезде дефицит көрсетіп тұр). Кестенің мәліметтері бойынша көрініп тұрғандай, төлем балансы дефицитінің алдыңғы мәні – $225,6В құраған. Ал күтілетін мән – $203,5В болмақ, яғни төлем балансының дефициті азаяды деп күтілуде. Бұл Үкіметке артық ақша қажет болмайтындығы, сәйкесінше олар бағаларды көтермейтіндігі жайлы айтады.
Келесі көрсеткіш айлық және жылдық мәндеріндегі импорт бағалары (Import Price Index). Импорт бағалары индексінің алдыңғы мәні -1,2 % болатын, ал күтілетін мәні 0,8 % болып тұр. Яғни импорт инфляциясының өсу қаупі бар.
Бірақ аса маңызды индикаторлардың шығуы 15.03 және 16.03.08 ж. жоспарланып отыр. Олардың ішінде өнеркәсіптік бағалар индексін (Producer Price Index) және тұтыну бағалар индексін (Consumer Price Index) ерекше атап өткен жөн.
Өнеркәсіптік бағалар индексі (Producer Price Index) негізінен Федералды резервтік жүйемен қолданылады. Ал инвесторлар таза өнеркәсіптік бағалар индексін (Core PPI) немесе тазартылған өнеркәсіптік бағалар индексін (PPI Ex Food & Energy), яғни өнеркәсіптің тамақ және энергия салаларын қоспағандағы өнеркәсіптік бағалар индексін пайдаланғанды жөн көреді. Өнеркәсіптік бағалар және тазартылған өнеркәсіптік бағалар индекстерінің мәндері сәйкесінше 0,5 % және 0,2 % құрайды деп күтілуде (салыстыру үшін алдыңғы мәндер сәйкесінше – 0,6 % және 0,2 % құраған болатын). Басқа сөзбен айтқанда, өнеркәсіптік инфляция өседі деп күтілуде. Яғни онымен бірге бағалы қағаздардың да табыстылығы өседі, сәйкесінше баға төмендейді деген сөз.
Сонымен қатар айлық мәндегі өнеркәсіптік бағалар индексі (Producer Price Index (МоМ)) де 0,2 %-дан 0,3 %-ға дейін өседі деп күтілуде.
Инфляциялық индикаторлар бағалы қағаздардың табыстылық деңгейімен тура пропорционалды байланыста. Өнеркәсіптік бағалар индекстерінің өсуі табыстылықтың болашақта жоғарылайтындығын, сәйкесінше бағалардың төмендейтіндігін меңзейді.
15.03.08 ж. шыққан мәліметтер көрсеткендей, төлем балансының (Current Account Balance) нақты мәні күтілген мәннен төмен болып шықты (-$195,8В – $203,5В-қа қарсы). Яғни Америка Құрама Штаттары төлем балансының дефициті шамалы азайды.
Импорт бағалары (Import Price Index) да күтілген мәннен төмен болып шықты (нақты 0,2 % күтілген 0,8 %-ға қарсы). Бұл импортқа бағалар көтерілгендігін, бірақ күткен мөлшердей емес, одан төмен деңгейге көтерілгендігін білдіреді.
Сондай-ақ, ипотекалық несиелеу көрсеткіші (МВА Mortgage Applications) алдыңғы мәннен төмен болып шықты, бұл жағдай біздің жоғарыда айтқан болжамдарымызды дәлелдей түсті.
16.03.08 ж. шыққан мәліметтер көптеген көрсеткіштердің нақты мәндері олардың күтілген мәндерінен өзгеше болып шыққандығын көрсетті. Мысалға, өнеркәсіптік бағалар индексінің айлық мәні (Producer Price Index (МоМ)) алдыңғы мәнмен салыстырғанда, өте жоғарылап кеткен (нақты 1,3 % алдыңғы – 0,6 %-ға қарсы). Ал 0,5 % сияқты мән күтілгендігі бізге белгілі. Сәйкесінше бағалар төмендейді.
Жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға алғашқы сұраныс (Initial Jobless Claims) алдыңғы индикатормен салыстырғанда, нарыққа аса зор ықпал етпейді, СКАЧАТЬ