Инвестициялау негіздері. Гүлназым Супугалиева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Инвестициялау негіздері - Гүлназым Супугалиева страница 10

Название: Инвестициялау негіздері

Автор: Гүлназым Супугалиева

Издательство: КазНУ

Жанр: Учебная литература

Серия:

isbn: 978-601-247-508-1

isbn:

СКАЧАТЬ тиімділікті алғанға дейінгі кезең инвестициялық жобаның өмір циклі деп аталады. Жобаның өмір циклінің өту жолдарын оның кезеңдері немесе этаптары деп атайды.

      Яғни кез келген инвестициялық жоба жетілдірілуінен бастап жүзеге асырылуына дейін бірнеше кезеңнен өтеді:

      1) инвестиция алдындағы кезең;

      2) инвестициялық кезең;

      3) эксплуатациялық кезең.

      Инвестиция алдындағы кезең келесі шараларды қарастырады:

      1) инвестициялық мақсатты қалыптастыру;

      2) инвестициялық мүмкіндікті реттеу;

      3) инвестицияны ұйымдастыруды қалыптастыру;

      4) жоба алдындағы зерттеулерді жүргізу;

      5) жобаның соңғы нәтижесін жасау және сол бойынша шешім қабылдау.

      Инвестициялық кезең қарастыратын шаралар:

      1) жабдықтаушылармен, инвесторлармен келісімшарттың жасалынуы;

      2) тартылатын инвестицияның көлемін анықтау;

      3) құрал-жабдықтарды жөндеу;

      4) жер учаскелерін сатып алу;

      5) жобалық жұмыстарды жүргізу;

      6) қызметкерлерді жұмысқа алу немесе оларды үйрету.

      Эксплуатациялау кезеңі келесі шараларды қарастырады:

      1) өндірісті мониторингтеу, яғни жоспардағы берілген мәліметтер мен нақты мәліметтерді салыстыру;

      2) олардың ауытқу себептерін анықтау;

      3) бұл кезең тиімділігі нақты бірінші және екінші кезеңдердегі жұмыстардың орындалу сапасымен байланысты.

      Инвестициялық жобаны қаржыландыруға қажетті шешім қабылдау үшін техника-экономикалық зерттеу жүргізіледі. Сондықтан да жобаны техника-экономикалық негіздеме (ТЭН) өзінен қаржыландыру мәселесін шешкенде ескертіп, артықшылықтар мен кемшіліктерді анықтауды көрсетеді.

      Яғни жобаны ТЭН болашақта бизнес жоспарды жетілдіру негізгі жоба алдындағы құжатты білдіреді. ТЭН-ді құрастырудың әр түрлі әдістері бар.

      Даму бағдарламалары бойынша БҰҰ-ның әдісімен қалыптасқан ТЭН келесідей бөлімдерден құралады:

      1) жобаның жалпы жағдайы, яғни кәсіпорынның алдына қойған мақсаттары, жобаның авторлары, соңғы 3 жылдағы кәсіпорынның қаржылық жағдайы;

      2) кәсіпорынның қуаты және рынок, яғни бұл жерде өнімдерді өндіретін кәсіпорынның нақты көлемі жөніндегі мәліметтер, техника-экономикалық көрсеткіштерінің бәсекеге қабілеттілігі және т. б. жағдайлар қарастырылады;

      3) өндірістің материалды факторлары, яғни шикізаттар мен материалдармен, сумен, электр энергиясымен қамтамасыз ету қарастырылады;

      4) объектілердің орналасқан жері, яғни бұл кезде объектінің орналасатын жерін таңдаудағы артықшылықтарды қарастырады;

      5) жобалық конструкторлық құжат. Яғни бұл кезде өндірістің жоспарларының схемасы жасалынады. Негізгі және қосалқы құралжабдықтарды жеткізуіне келісімшарттар жасалынады және т.б.

      6) кәсіпорынның жұмысын ұйымдастыру, яғни бұл кезде өнімді өндіру және өткізу мәселелері қарастырылады;

      7) еңбек рыноктарына қажеттілік;

      8) жобаның жүзеге асырылу кезеңдері;

      9) жобаның СКАЧАТЬ