Название: Халықаралық транспорт операциялары
Автор: М. Байгісиев
Издательство: КазНУ
Жанр: Учебная литература
isbn: 978-601-04-0691-9
isbn:
Көлік саласындағы халықаралық келісімдер келесідей ұйымдастырушылық, техникалық, коммерциялық, құқықтық мәселелерді қарастырады:
• көліктің жекелеген түрлерінің қызметінің жалпы қағидалары;
• халықаралық байланыстарды ұйымдастыру;
• жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудың коммерциялық жағдайлары;
• тарифтер, жүктерді тасымалдауға фрахт мөлшерлемелері;
• мемлекеттер арасындағы көліктік байланыстарды жақсарту;
• режимдік жүктерді қайта тиеу, сақтау және тасымалдау жағдайлары;
• халықаралық тасымалдар саласындағы жүк иелерінің мүліктік мүдделерін қорғаудың құқықтық мәселелері;
• қоршаған орта ластануының алдын алу.
Халықаралық көлік мәселелері өз шешімін әртүрлі халықаралық көлік ұйымдарында табады. Оларға БҰҰ Сауда және Даму жөніндегі Конференциясы (ЮНКТАД); Ішкі көлік бойынша комитет, Еуропалық экономикалық комиссия (ЕЭК), БҰҰ Халықаралық сауда құқығы жөніндегі Комиссиясы (ЮНСИТРАЛ).
Әртүрлі көлік түрлері бойынша халықаралық ұйымдар құрылған және олар белсенді түрде қызмет етеді. Мысалы, теміржол көлігінде Теміржолдардың ынтымақтастық ұйымы (ТЫҰ), Жүк вагондарының жалпы паркі (ЖВЖП), ТЫҰ қарамағында құрылған көлік құқығы жөніндегі тұрақты топ, Халықаралық теміржол байланыстарының орталық бюросы және басқалары. Автомобиль көлігіне үкіметтік емес халықаралық ұйым – Автомобиль көлігінің халықаралық одағы (ИРУ). Әуе көлігі саласында Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес, Азаматтық авиация халықаралық ұйымы (ИКАО), сонымен қатар мамандандырылған үкіметтік емес ұйым – Әуе көлігінің халықаралық ассоциациясы әрекет етеді. Теңіз көлігінде Үкіметаралық теңіз (кеңес беруші) ұйымы (ИМО), Балтық халықаралық теңіз конвенциясы (БИМКО), Халықаралық теңіз комитеті (ММК), Кеме иелерінің халықаралық ассоциациясы (ИНСА). Жүктерді көліктік экспедициялау бойынша Экспедиторлық ассоциациялардың халықаралық федерациясы (ФИАТА).
Төменде негізгі көлік конвенциялары мен көліктердің көптеген түрлері бойынша келісімдерге сипаттама беріледі.
Халықаралық теңіз қатынастары. Теңіз тасымалы қатысушыларының өзара қатынастары мен коносаменттің құқықтық мәртебесін анықтайтын негізгі халықаралық келісімге 1924 жылғы Коносамент туралы кейбір ережелерді біріздендіру туралы Брюссель конвенциясы (Гаага ережелері) жатады. 1968 жылғы Брюссель протоколы арқылы осы конвенцияға кейбір ережелер енгізілді. Қазіргі уақытта Брюссель конвенциясына 70-тен астам мемлекет қатысады. Гаага ережелеріндегі басты назар теңіз тасымалдаушысының жүкке жауапкершілігі туралы мәселеге аударылған. 1924 жылғы Брюссель конвенциясының бірқатар ережелеріне бірнеше елдер, соның ішінде дамушы мемлекеттердің жүк иелері тарабынан айтылған сындарды есепке ала отырып, Халықаралық теңіз тасымалдарының тәжірибесіне маңызды ықпал ететін Гамбург ережелері СКАЧАТЬ