Название: Халықаралық транспорт операциялары
Автор: М. Байгісиев
Издательство: КазНУ
Жанр: Учебная литература
isbn: 978-601-04-0691-9
isbn:
«Инкотермс» тек қана шарттарда оған сілтеме жасалғанда ғана пайдаланылады. Сондықтан, Халықаралық ережелер факультативті сипат алады, оны қолдану толық көлемде немесе келіскен тараптармен белгілі бөлігі анықталады. «Инкотермс» ережелерімен шарттың жағдайлары сәйкес келмегенде, келісімшарт баптары басшылыққа алынады. «Инкотермс» ережелерінде реттелген ережелердің мәселелері бойынша қарастырылған кез келген жағдайдан басқа жағдайлар екі жақты шартта қарастырылса, онда ереже қолданыла алмайды, сондықтан ортақ мақсат бойынша түсініспеушілік орын алмауы үшін, «Инкотермс-2010» келісімшарты аталған шартты түсіндіруден кейін ғана күшіне енеді.
«Инкотермсте» тауардың жеке меншікке өту кезеңінің ережелері болмайды. Бұл ереже шартта арнайы қаралуы керек.
Ішкі сауда ұйымдары шетелдің фирмаларымен шарт жасасқанда «Инкотермс» белсенді пайдаланылады. Одан басқа, кейбір мемлекетпен бізде тауар жеткізудің екі жақты Жалпы шарттары келісілген. Онда жеткізудің базистік шарттарына сілтеме бар. «Инкотермс» сияқты, олар кепілдемелік және екі тарап та олардың ұсынысын бақылауға тиіс емес.
«Инкотермс» халықаралық саудада қазіргі тәжірибеде әлемдік нарықта құрылған сауданың ережелері мен таралған сату дәстүріне көбірек сай жеке терминдер түсінігінде ұсынылуымен кең қолданылады және белгілі дәрежеде мойындалды. Жеткізудің базистік шарттары көлік құралына және жүктің жағдайына байланысты бас әріптермен белгіленеді. «Инкотермс-2010» он бір түрлі жеткізудің базистік шарттарының түрлеріне түсінік береді және анықтайды.
Негізгі жағдайларды белгілеген кезде қолданылытын «франко» термині «еркін» деген сөзден шыққан және ол сатып алушы тауардың белгілі бір жерге жеткізілім шығындарынан тәуелсіз екенін білдіреді. «Фрахт» және «алып өткізу төлемі» терминдері арасындағы басты айырмашылық, біріншісі – теңіз және әуе транспорттарына, ал екіншісі – жердегі транспортқа тиесілі. EXW (ex works) – франко-зауыт. Бұл жағдайда сатушы тауарды сатып алушының қарамағына дер кезінде және орнына, келісімшартта көрсетілгендей, сатып алушының өзі ұсынған транспорт арқылы тиісті орынға жеткізуі тиіс. Сатушы сатып алушыға жүк тиеу құралдарын беруге міндетті емес. Егер олай болған жағдайда, сатып алушы сол операция үшін шығындарды өзі көтереді. Кездейсоқ жоғалту тәуекелі, бүлдіру немесе тауардың опат болуы сатып алушыға тауар оның қарамағына өткеннен кейін сатушының қоймасында, егер де тауар тиісті жолмен жекеленгенде, яғни сатушының басқа өнімдерінен бөлінгенде және берілген келісімшарттың белгіленген объектісі ретінде көрсетілген жағдайда ауысады. СКАЧАТЬ