СКАЧАТЬ
Тауарлардың жеке топтарын неғұрлым тиімді өңдеу үшін жаңа құрылғы, автомобильді тіркемелерді (рельсті контейнер) тасымалдау үшін платформа жасалды, тиелген тауарларды басқа белгіленген жерге жіберу және тасымал кезінде тауарларды өңдеу сияқты жол бойындағы қызметтер көрсетіле бастады. Теміржол транспорты дамуының ұзақ мерзімдік үрдістері өз межесін сақтап тұр. Әлемнің неғұрлым дамыған елдерінде теміржол қызметтерінің сандық көрсеткіштері тасымалдың тұрақты өсуін дәлелдеп отыр. Әлемнің теміржолдар бойынша қуатты державаларының (АҚШ, ҚХР, Ресей) бірі АҚШ-та транспорттың осы түріндегі жүк айналымы соңғы 25 жылда орта есеппен 2 %-ға өсіп отырды. Дегенмен, бұл автомобиль транспортының өсу қарқынынан төмендеу. Өткен ғасырдың 90-жылдарының екінші жартысында АҚШ-та теміржолдардың ұзындығы тіпті 322ден 290 мың км-ге кеміген. Сонымен қатар, үлкен территориялары бар ірі державаларда теміржол транспортының даму қарқынының біртіндеп шектелуі әлі бірден көзге көрінбесе де, салыстырмалы түрде шағын территориялы елдерде бұл үрдіс айқын көрінуде. Батыс Еуропада 1970 жылдан бастап теміржол транспортындағы жүк айналымы әрдайым қысқарып отырған, тіпті Франция мен Германия сияқты алдыңғы қатарлы елдерде де бұл құбылыс байқалды. Жапон теміржолының жүк айналымы жылдам қысқарды (2 есе). Соңғы жылдары теміржол транспорты тасымалдың интермодалды сызбасында белгілі бір көрініс табуымен түсіндірілетін тұрақтылық байқалуда. Сонымен қатар, теміржол транспорты Еуразияның ауқымды және әлі толық игерілмеген кеңістіктерінде қолданылып, жүк айналымы әлі де өсуі мүмкін. Оған Еуропа мен Тынық мұхиты аймақтарын («Ұлы жібек жолының» қайта жандануы) және тағы басқа аймақтарды байланыстыратын трансконтиненталды жолдардың жобалары жатады. Әлемдік теміржол транспорты жаңа маңызды магистральдар арқасында өзінің позициясын одан әрі нығайтады. Атап айтқанда, Ресей барлық қиындықтарға қарамастан транспорттық қатынаста теміржол басымдығы орын алған держава болып қала береді. Жүк айналымы бойынша бірінші орын теміржол транспортына тиесілі (77 %). Тіпті жолаушылар айналымының едәуір бөлігін теміржол мен автомобиль транспортты қамтамасыз етіп отыр (шамамен әрқайсысы 40 %).
РФ теміржол транспортының келешегі дұрыс тарифтік және салықтық саясатқа, сондай-ақ, теміржол желісінің, оның қызметінің жаңа транзиттік және экспорт-импортты жүк айналымының мүмкіндіктеріне бейімделуіне байланысты деуге болады. Сонымен қатар, «транспорттық дәліздерді» құру мен интермодальды тасымалды жүзеге асырудың қазақ мерзімді перспективасы бар екендігі күмән туғызбаса керек.
Автокөлік транспорты. Әлемдік автокөлік паркінде 1,015 млрд. көлік пен автобустар бар. Транспорттың бұл түрі экономиканың жағдайына, халықтың әлеуметтік ахуалына және т.б. факторларға тәуелді бола отырып, сұраныстың барлық өзгерістеріне жеңіл бейімделеді. Жалпы соңғы жылдары автотасымалдау қажеттілігі өсу үстінде. Сәйкесінше, тек автокөлік паркі үлкейіп қана қоймай, тасымалданатын жүктер көлемі де артып, көлік жолдары да ұзара
СКАЧАТЬ