Халықаралық транспорт операциялары. М. Байгісиев
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Халықаралық транспорт операциялары - М. Байгісиев страница 7

СКАЧАТЬ style="font-size:15px;">      Келісімдерге сәйкес транспорттық ұйымдардың бір жағы белгіленген пунктке жүкті немесе жолаушыны жеткізіп салу міндетін алса, екінші жақ жүк иесі тасымалдаушыға белгіленген пунктке жеткізіп бергені үшін ақы төлеуді міндетіне алады. Басқа тасымал келісімдері көрсетілген міндеттерді айқындап, түсіндіріп, толықтырады. Транспорттық конвенциялар халықаралық тасымалда қабылданатын негізгі реквизиттерді, транспорттық құжат формаларын анықтайды. Транспорттық құжаттың кең таралған екі типі бар. Олар: жүк құжат (накладная), (теміржол, әуе және автомобиль қатынастарына арналған) және коносамент (теңіз және өзен қатынастарына арналған) құжаттар.

      Халықаралық тасымалдарды жүзеге асырудың құқықтық негіздері келесідей:

      • Халықаралық тасымал туралы конвенция мен келісімдер;

      • Халықаралық тасымалдың заңнамалық негіздері;

      Ұлттық транспорттық кәсіпорындарда халықаралық тасымалдауда қолдануды кеңейте түсу үшін мемлекеттер халықаралық ынтымақтастықтың ортақ шарттарын жасауға ұмтылады.

      2.1. Халықаралық тасымалдар туралы конвенциялар мен келісімдер

      • Қазақстандағы тасымалдарды реттейтін ңұқықтық құжаттар

      Қазақстандағы көлік мәселесін Көлік және коммуникация министрлігі бақылайды. Сонымен қатар, негізгі магистральдық көлік құралдарына акционерлік қоғамдар құрылған: «Қазақстан теміржолы» АҚ, «ЭйрАстана» АҚ және т.с.с.

      Жүкті ішкі және сыртқы тасымалдауды жүзеге асыру барысындағы жүк иесі мен тасымалдаушының өзара қатынастарын реттейтін Қазақстандағы құқықтық негіз көлік құралдарының түрі бойынша нормативтік-құқықтық құжаттар – «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы», «Ішкі су көлігі туралы», «Теміржол көлігі туралы», «Автомобиль көлігі туралы», «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары болып табылады.

      Қазақстандағы транспорттық тасымалдарда кездесетін құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық қатынастар ҚР Конституциясы мен аталған заңдар мен өзге де заңға бағынышты нормативтік-құқықтық актілермен, сондай-ақ ҚР ратификациялаған шарттарда аталған заңдардан өзгеше ережелер болса, онда халықаралық шарттардың ережелерімен реттеледі.

      ҚР-да жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, кеме жүретін су жолдары, шлюздер, әуе қозғалысын басқару органдарының аэронавигациялық құрылғылары, әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты инженерлік желілер, сондай-ақ метрополитен мемлекет меншігі болып табылады. ҚР-ның көлігін мемлекеттік басқаруды ҚР Президентінің шешімімен құрылған және ҚР Үкіметі бекіткен Ережеге сәйкес қызмет атқаратын өкілетті мемлекеттік орган – ҚР Көлік және коммуникация министрлігі жүзеге асырады.

      Аталған мемлекеттік органның негізгі міндеттеріне:

      • Қазақстан Республикасының көлік саласындағы экономикалық мүддесін қорғау;

      • көлік саласында халықаралық ынтымақтастықты СКАЧАТЬ