Халықаралық транспорт операциялары. М. Байгісиев
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Халықаралық транспорт операциялары - М. Байгісиев страница 11

СКАЧАТЬ сонымен қатар сатып алушыға тауардың жеткізілген орны туралы ақпарат жіберу қажет. Өз кезегінде, сатып алушы желкенді кемені жалдауы, сатушыға тауарды жіберу орны туралы ақпарат жіберуі қажет, желкенді кеменің атауын, тауарды жеткізіп беру мерзімін және оның кеме бортында жүктелуін, экспорттық және кедендік мәселелерді шешуі қажет. Кездейсоқ опат болу тәуекелі тауардың кеме бортына көрсетілген портта жүктелгенде және дәл мерзімінде нақтылы жеткізілген сәттен бастап көшеді.

      FОВ (free on board) – борттың бостығы. Берілген базистік шарт бойынша сатушы тауарды сатып алушымен жалданған келісілген портта тұрған кеменің бортына уақытылы, келісімшартта көрсетілгендей жеткізуі тиіс және де сатып алушыға коносамент тапсыруы, экспорттық мәселелерді шешуі қажет. Сатушы өз қаражатына бортты фрахтауы қажет, содан кейін сатып алушыға жүктейтін күнімен орны туралы ақпарат жібереді, сонымен қатар, тауар келетін борттың атауы мен мерзімін белгілейді. Кездейсоқ бүліну немесе опат болу тәуекелі сатушыдан сатып алушыға ресми түрде тауар екі жақпен белгіленген жерге жектізіліп, жүктелген уақыттан бастап өтеді. Тауарды сақтандыру әр жақтың өз қалауы бойынша және жауапкершілігіне байланысты жүзеге асады, яғни сатушы тауарды борт арқылы белгіленген кемеге жүктелген уақытқа дейін сақтандырады, ал сатып алушы тауардың борт арқылы кемеге жүктелген уақыттан бастап өзінің қоймасына жеткенге дейінгі уақыт аралығында тауардың сақтандырылуын қамтамасыз етуі қажет.

      CFR (cost and freight) – құн және фрахт. Осы базистік шартқа сәйкес сатушы кемені фрахтау қажет, фрахт құнын өтеу қажет және тауарды белгіленген орынға және уақытта жеткізуі тиіс. Ол өз кезегінде сатып алушының төлейтін төлемақысының ішіне тауар мен фрахт құны кіреді. Сонымен қатар сатушы сатып алушыға таза коносоментті ұсынады, яғни ол жерде тауардың немесе қаптаманың ақаулы жерлері көрсетіледі.Тауарды портқа яғни белгіленген жерге жүктеу шығындарын сатып алушы өз мойнына алады. Кездейсоқ опат болу тәуекелі сатып алушыға тауарды жүктелетін орынға жеткізгеннен бастап өтеді. CFR шарты бойынша барлық экспорттық мәселелерді сатушы шешуі міндетті. CFR шарты теңіз және өзен транспортында ғана қолданылады.

      CIF (cost, insurance and freight) – құн, сақтандыру, фрахт. Бұл шарт та теңіз және өзен транспорттары арқылы тауар жеткізілгенде қолданылады. Осы шарт бойынша сатушы тауарды жүктеп, жөнелту орнына әкеліп, кемеге жүктеп беруге тиісті, сонымен қатар, сатып алушыға тауардың келу мерзімі мен толық коносоментті жіберуге міндетті. Сонымен қатар, сатушы тауарды сақтандыру қажет және сатып алушының атына жазылған сақтандыру полисін табыс етуі керек. CIF шарты бойынша тауарды жеткізген кезде сатып алушы тауар құнын, фрахт және сақтандыруқұнын төлеуге міндетті. Кездейсоқ опат болу тәуекелі сатып алушыға тауар белгіленген орынға жеткізілген кезден бастап өтеді. Берілген шарт бойынша сатып алушы сатып алушының тауарды минималды деңгейде сақтандыратынын есінде сақтауы тиіс.Сақтандыру сыйақысын сатушы төлейді, бірақ тауар сатып алушының СКАЧАТЬ