Название: Халықаралық транспорт операциялары
Автор: М. Байгісиев
Издательство: КазНУ
Жанр: Учебная литература
isbn: 978-601-04-0691-9
isbn:
• транспорт түрін таңдау (теңіз, өзен, әуе, жер үсті, аралас);
• тасымалдау шартын рәсімдейтін құжатты көрсету (чартер, коносамент, авиажүктің жөнелтпе құжаты, теміржолдың жүкқұжаты, тауар-көлік жөнелтпе құжаты);
• тасымалдау бағыты;
• тасымалдау тәсілі (трюмде, палубада, платформада, вагонда және т.б);
• тасымалдаудың айрықша шарттары (мысалы, теміржол тасымалында – ашық платформада жүктерді арту мен тиеу);
• тауарды жөнелтілу пунктінен тиеудің мерзімі мен тәртібі;
• сатушының сатып алушыға тауарды тапсыру орны мен тәртібі;
• жүкті теңіз (өзен) портынан немесе жүкті жеткізу пунктінен тауарды тиеу(түсіру) пунктінің аты;
• тауарды тиеу (түсіру) бойынша шығандарды сатушы мен сатып алушы арасында бөлу;
• тиеу (түсіру) бойынша транспорттық құралдарды беру туралы ақпаратты жеткізу және жүк операцияларының орындалуына дайындықты анықтау;
• жүкті тиеу (түсіру) мөлшері және уақыт нормативінің тәртібі (теңіз тасымалында – тұрақтық, аялдау уақыты – бұл жүкті тиеу түсіруге кететін күн (сағат) мөлшері);
• тиеу – түсіру жұмыстарын арттыру (төмендету) мөлшері үшін тасымалдаушыға өтемақы (айыппұл) сыйақы төлеудің тәртібі және шарты, қойылымдары;
• транспорттық орауға, таңбалауға айрықша талаптар;
• жүкті тасымалдау келісімін рәсімдеу үшін қойылатын халықаралық келісім, конвенция, дәстүрлер және басқа да нұсқаулар.
Ізденіс сұрақтары
1. ҚР-да халықаралық транспорт операцияларын ұйымдастырудың институционалдық-құқықтық мәселелері.
2. Халықаралық транспорт операцияларын ұйымдастырудағы «Инкотермс» базистік шартының рөлі.
3. «Инкотермс 2010» базистік шарты: құрылымы, қалыптасу тарихы.
4. Қазақстан Республикасында халықаралық транспорт операцияларын ұйымдастырудағы нормативтік-құқықтыұ құжаттар.
5. Халықаралық транспорт операцияларын ұйымдастырудағы халықаралық шарттар мен нормативтік- құқықтыұ құжаттар.
ІІІ-тарау
ЖҮКТЕРДІ ТАСЫМАЛДАУ КЕЛІСІМШАРТТАРЫ
Сыртқы сауда келісімдерін транспорттық қамтамасыз ету үлкен маңызға ие, себебі, сатып алу-сату келісімінің коммерциялық шарттарын жақсартуы немесе бағасы, жеткізу мерзімі арқылы тауардың бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп жіберуі мүмкін. Сондықтан, жүк тасымалдау келісімі сыртқы сауда қызметін реттейтін жалпы келісілген қатынастар жүйесіндегі маңызды құжаттардың бірі болып табылады.
Сыртқы экономикалық байланыстарды тұрақты және белсенді қолдайтын елдердің сауда-экономикалық ынтымақтастығы әдетте ұзақ мерзімді СКАЧАТЬ