Француз-герман қарым-қатынастары (ХХ ғ. 50-60-жылдар). Амангелді Әліпбаев
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Француз-герман қарым-қатынастары (ХХ ғ. 50-60-жылдар) - Амангелді Әліпбаев страница 5

СКАЧАТЬ аса зор мән берген жөн деп жоғарыда айтып кеттік. Өйткені басты шиеленістердің көзі де осы мемлекеттердің жағрапиялық орналасуымен тығыз байланысты екендігіне еш күмән жоқ. Сол ретте, Германия мемлекетінің аумағындағы табиғи-жағрапиялық тосқауылдарға көз салатын болсақ, елдің солтүстігінде Солтүстік теңіз бен Балтық теңізінің жағалаулары қоршап жатса, Солтүстік және Балтық теңізі аралығында “Гольштейндік Швейцария” деп аталатын ойпатты-таулы аймақ созылып жатыр, Германияның оңтүстігінде неміс Альпі таулары Боден өзенінен Берхтесгаден Альпі таулары қоршауда.

      Табиғи тосқауылдарсыз шекаралас мемлекеттердің ішіндегі елеулісі – Франция мемлекеті еді. Ежелгі ғасырларда құрылымы жағынан Германия жеке-жеке аймақтарға бөлініп жатқандығы белгілі. Ғасырлар ішінде германиялық аумақтық көлем бірнеше рет өзгерістерге түсіп отырғаны халықаралық қатынастар тарихынан айқын. Соңғы ғасырлардағы осы екі мемлекеттің дамуына елеулі әсер еткен құбылыстардың бірқатары – бұл ХІХ ғасырдың басындағы Наполеон соғыстарының салдары, сонымен бірге 1866 жылғы австро-прусс соғыстары, 1870-1871 жылдардағы француз-прусс соғыстары, ХХ ғасырдағы бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстары. Осындай соңғы соғыстың нәтижесінде Германияның ең ірі аймақтарының бірі Пруссия жері жойылғандығы аян.

      Жалпы, Германия жерін жан-жақты қорғауда табиғи тосқауылдар өзіндік рөл атқарса, сонымен қатар, табиғи байлықтар қашанда көршілес мемлекеттерді қызықтырып, өзіне тартып та келді. Германияның батыс аймағындағы жер қойнауының байлығын айтпағанда, сол батыстағы Рейн өзенінің өзі солтүстік пен оңтүстікті жалғастырып жатқан елдегі ең ірі жол көлік ағымы болып табылады. Оңтүстік батысындағы Шварцвальд қалың орманы, Франция мен Германия мемлекетінің шектескен аймақтағы жер қойнауының байлығы екі елдің арасындағы ғасырларға созылған шиеленістің қайнар көзіне айналып келді десек қателік болмайды. Яғни, екі мемлекеттің қарым-қатынасында жағрапиялық-саяси жағдай басты рөл атқарғандығы ешқандай дау туғызбайды. Жалпы халықаралық қатынастар жүйесінің тарихына сараптама жасайтын болсақ, мемлекеттер арасындағы шиеленіс, аумақтық басып алу, бүгінгі күнмен салыстырғанда, өткен ғасырларда өте жиі болғандығын көреміз. Өйткені қандай да бір мемлекет өзінің саяси-экономикалық жағдайын жақсарту үшін көрші мемлекеттің жерін, елін басып алуға ұмтылып отырғандығы айқын. Өткен ғасырлардағы мемлекет аралық шиеленістерге сараптама жасайтын болсақ, ол кезеңде қашан да жер қойнауының байлығы мол аудандарда мұндай тартыс өте елеулі орын алды. Осы кен байлықтары мен қолға түскен тегін жұмысшы күшінің молдығынан мемлекеттің экономикалық-саяси жағдайы, әскери күштілігі нығая түссе, бүгінгі күні мемлекеттің экономикалық дамуы әсіресе сол мемлекеттің ішкі жағдайындағы өнеркәсіп өндірісінің дамуының қуаттылығына қатысты.

      Ал осы орайда, Франция мемлекетінің не себепті Германия бағытындағы қарым-қатынасы СКАЧАТЬ