Название: Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009)
Автор: Бақыт Бөжеева
Издательство: КазНУ
Жанр: Учебная литература
isbn: 9965-29-514-X
isbn:
1. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ сыртқы саясатының мәні қандай еді?
2. Әлемдік экономикалық дағдарыс жылдарындағы АҚШ-тың ішкі жағдайы қалай болды?
3. АҚШ экономикасына қор нарығының күйреуі қалай әсер етті?
4. Ф. Рузвельттің әлемдік экономикалық дағдарыстан шығуға байланысты ұсынған бағдарламасының мәні неде?
5. Г. Гувер үкіметінің ел экономикасын дағдарыстан шығару жолында қандай шаралар жасады?
3-тарау
ГЕРМАНИЯ ФЕДЕРАТИВТІК РЕСПУБЛИКАСЫ (1945 – 2009 ж.)
Екінші дүниежүзілік соғыста жеңілген Германия жері Потсдам мәслихатының шешімі нәтижесінде АҚШ,Ұлыбритания, Франция және Кеңестер Одағының оккупациялық зоналарына бөлінген еді. Сондай-ақ 1946 жылдың 2 желтоқсанында ағылшын-америка зоналары бірігіп, Бизонияға айналған болатын. Осы оккупацияланған зоналарда неміс партиялары мен әкімшіліктері де құрыла бастаған еді. 1945 жылдың маусымында ағылшын зонасындағы Кельн қаласында ХДО (Христиандық-демократиялық одағы) құрылды, оның төрағасы болып Конрад Аденауэр сайланады. 1945 жылдың қазанында Баварияда – ХӘО (христиандық-әлеуметтік одағы) құрылып, кейіннен олар ХДО/ХӘО болып ынтымақтастық келісімге келеді. 1946 жылы ЕДП (Еркін демократиялық партиясы) батыс зонада құрыла бастайды. Оның төрағасы болып Теодор Хейс сайланған болатын. Ал Шығыс оккуппациялық зонада, яғни Кеңестер Одағының оккупациялық зонасында ГКП (Германияның Коммунистік партиясы) мен ГСДП (Германияның социал-демократиялық партиясы) бірігіп, ГСБП (Германияның социалистік бірыңғай партиясы) құрған болатын.
Батыс оккупациялық зоналардың бірігуіне байланысты, 1948 жылдың ақпанында Бизонияға француз зонасы қосылып, «Тризония» пайда болып, бірыңғай экономикалық аймаққа айналады. Жалпы батыс оккупациялық зонасының экономикалық даму деңгейіне «Маршалл жоспары» көлеміндегі көмек елеулі ықпал етті. Осы жоспар көлемінде Батыс Германия аймағы 1948 –1952 жылдар аралығында 1,4 млрд АҚШ долларымен көмек алды. Бұл өз кезегінде экономиканың қалыптаса бастауына өте қажет еді. Ал бұл кезеңде Кеңестік оккупациялық зонада өндірісті социализациялау кең қарқынмен жүзеге асырылып жатты. Батыс одақтастар өз зоналарындағы экономикалық дамуға жағдай жасау қажеттігіне орай 1948 жылдың 20 маусымында валюталық реформа енгізеді, яғни батыс зонада ендігі жерде жаңадан шығарылған неміс маркасы жүреді. Бұған жауап ретінде Кеңестер Одағы өз зонасында да жаңа ақша өлшемін енгізіп, оның бүкіл Берлин қаласында күшіне кіреді деп мәлімдейді. Ал 24 маусымда Кеңестер жағы Берлин қаласын толығымен қоршауға алып, батыс зонамен қатынасты тоқтатады. Сол кездегі Берлин қаласындағы кеңестік өкіл маршал Соколовский «Бұл қоршау Лондон, СКАЧАТЬ